Доллармен таңертеңгі сауда-саттық нәтижесі жарияланбайды – KASE

© Sputnik / Владислав ВодневДоллар и тенге
Доллар и тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстан қор биржасы доллар бойынша таңертеңгі сауда-саттықтың нәтижесін жариялауды тоқтататынын хабарлады.
АҚШ валютасының орташа бағамы кешкі сағат 17.00-де анықталады. Оған дейін тағы бір сауда-саттық өтеді. Ал ұлттық банк түстен кейінгі сауда мен 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың бағамын есептеп жариялайды. Соның негізінде шетел валюталарына кросс-бағамдар есептеледі.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, USDKZT_TOM бағамы KASE веб-сайтында сауда-саттық күн сайын стандартты режимде сағат 15.30 және 17.00-де жарияланатынын хабарлаймыз. Сағат 11.00-де ақпараттық мақсатта бұрын өткізілген курсты жариялау тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда биржа мамандары сауда-саттықтың барысын ресми сайтта онлайн режимде бақылауға болатынын еске салды.
Обменники не продают доллары в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Экономика
Теңге доллар мен рубльге қашан тәуелді болмайды
Жаңалықтар
0