https://sputnik.kz/20220405/almaty-qylmysker-ustau-video-24000493.html
Алматыдағы базарда есірткі тасымалдаушы ұсталды – видео
Алматыдағы базарда есірткі тасымалдаушы ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
"Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды, оның ішінде есірткі болған 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T14:35+0500
2022-04-05T14:35+0500
2022-04-05T14:38+0500
қоғам
алматы
есірткі
https://sputnik.kz/img/old/932/78/9327844_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_5699fb8e312bf76c564ec828c61af366.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында қала тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz . Ресми мәліметке сәйкес, 39 жастағы ер адам есірткі сақтағаны үшін айыпталып отыр. Ол Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан базардың маңайында ұсталды."Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды, оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ және түйіршіктер түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат аса ірі мөлшердегі героин болып шықты", – дейді полицейлер.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапта 200 айлық есептiк көрсеткiшке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/932/78/9327844_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_83307bcf8385b057e47ce7322b4a5bb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, есірткі
Алматыдағы базарда есірткі тасымалдаушы ұсталды – видео
14:35 05.04.2022 (жаңартылды: 14:38 05.04.2022) "Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды, оның ішінде есірткі болған
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында қала тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz .
Ресми мәліметке сәйкес, 39 жастағы ер адам есірткі сақтағаны үшін айыпталып отыр. Ол Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан базардың маңайында ұсталды.
"Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды, оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ және түйіршіктер түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат аса ірі мөлшердегі героин болып шықты", – дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы бапта 200 айлық есептiк көрсеткiшке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.