Оқиға

Түркістан облысында шенеунікті пара алып жатқан жерінен ұстады

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкері медициналық жұмыс жүргізуге арналған лицензияны заңсыз берді деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет Түркістан облысының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы ұсталғаны туралы хабарлады.
Белгілі болғандай, шенеунік жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген.
Жемқорлыққа қарсы іс жүргізу мамандарының айтуынша, жекеменшік медициналық орталық өкілдерінен медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензия беру үшін 800 мың теңге пара алған. Делдалдар арқылы қызмет еткен.
Күдіктілер ұсталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Мәсімовтің үйінен табылған ақша  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Қаңтар оқиғасы
"11 қымбат көлік тәркіленді": Мәсімов 2 млн доллар пара алды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0