Шымкентте 700 отбасыға "Рамазан қоржыны" таратылды

© Sputnik / Тимур БатыршинКупол мечети
Купол мечети - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Игі бастама алдағы уақытта жалғасын табады, дейді қаланың бас имамының орыбасары Мұхамеджан Естеміров
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Шымкентте "Рамазан қоржыны" қайырымдылық шарасы аясында 700 отбасыға көмек берілді.
Іс-шараны қала әкімдігі мен орталық мешіт кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырды. Қасиетті айдың екінші күні 700-ден астам мұқтаж отбасыға ауызашар орнына азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлады Otyrar.kz.
Мегаполистің бас имамының орыбасары Мұхамеджан Естеміров игі бастаманың мұнымен тоқтамайтынын айтады.
Айта кетейік, қайырымдылық шаралары "Ақмешіт", "А.Қаттани", "Байғұт баба", "Нұр-Төбе" және "әл-Біләл" мешіттерінде өтеді.
Жаңалықтар
0