Спорт

Головкиннің кезекті жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Жекпе-жек нәтижесіне қарамастан, қазақстандық боксшы кепілдендірілген гонорар алады
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан телеарнаға сілтеме жасап.
Жекпе-жекті қазақстандықтар тікелей эфирде көре алады. 9 сәуірде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді.
Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.
"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.
Бұған дейін IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 KO) бұл жекпе-жекте кепілдендірілген гонорары 12,3 миллион доллар екені айтылды.
Сома жекпе-жек нәтижесіне қарамастан, қазақстандық боксшыға төленеді. Ал оның қарсыласы – жергілікті боксшы, WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) 4,1 миллион доллар алады.
 Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Спорт
Головкин 40-қа толады: чемпион мерейтой қарсаңында қандай сезімде екенін айтты
Жаңалықтар
0