Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

ҰҚК қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты іздеу жұмыстары туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинОқ-дәрі
Оқ-дәрі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты. 2022 жылдың ақпан-наурызында комитет ұрланған қаруды іздеу және оны заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
Комитеттің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жауынгерлік қару жасайтын цех жойылды. Осы әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен екі азамат ұсталды. 4 Калашников автоматы, "СКС" иір ойықты карабині және 48 патрон алынды.
Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы қару дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында жасырын орын табылып, одан 189 патрон тәркіленді.
Алматы облысы Талғар ауданында жасырын орыннан 2 тегіс ұңғылы мылтық, 1 пневматикалық мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және әртүрлі калибрдегі 27 патрон табылды. Алдын ала дерек бойынша табылған қару Алматы қаласындағы "Қорған" қару дүкенінен ұрланған.
"Алматы қаласында бұрын ұсталған "Қазақстандықтар" ҰҚТ мүшелері 19 бірлік тегіс ұңғылы мылтықты ерікті түрде тапсырды. Сонымен қатар Алматы тұрғындарынан 9 бірлік қару, 274 патрон алынды", - деп хабарлады комитет.
Тараз қаласында анықталған жасырын орыннан 1 Калашников автоматы, калибрі 5.45 мм 31 патрон, оқжатары бар 2 Макаров пистолеті, 12-ші калибрлі бір ұңғылы шолақ мылтық алынды.
Павлодар облысында 2 шолақ мылтық, 1 "Ф-1" гранатасы, "PTB140/2" маркалы тапанша және әртүрлі калибрдегі 70 патроны бар жасырын орын табылды.
"Солтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрілерді ұрлады және өткізді деген күдікпен Петропавл қаласының тұрғыны ұсталып, одан Макаров тапаншасының 961 патроны және Калашников автоматының 741 оқ-дәрісі табылып, алынды", - делінген ақпаратта.
Түркістан облысында Жетісай ауданының тұрғыны ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша шолақ мылтық және Калашников автоматына 20 патрон табылды.
Қызылорда облысында иесіз қалған ғимараттағы жасырын орыннан оптикалық көздеуіші бар "Тигр" маркалы 1 карабин және оның 17 патроны бар 2 оқжатары табылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Атырау облысында 12-ші калибрлі 2 тегіс ұңғылы шолақ мылтық алынды. Осылайша заңсыз айналымнан 47 бірлік қару, 2 граната, 2398 оқ-дәрі алынды.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0