Оқиға

Ақмола облысында жарыс кезінде мұғалім көз жұмды

© Sputnik / Дмитрий Дмитриев / Медиабанкке өтуМектептің спортзалы
Мектептің спортзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Ол жыл сайынғы медициналық тексерістен өтіп, жұмыс істеуге рұқсат алған
КӨКШЕТАУ, 29 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында 43 жастағы педагог әйел спартакиада кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға Степняк қаласында "Мұғалім-2022" спартакиадасы кезінде болған. Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл сайынғы спартакиада білім ұйымдарының қызметкерлері жарысады.
Олар волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт түрлері бойынша өзара сынға түседі.
Куәгерлердің айтуынша, 28 наурызда волейбол ойнап жүргенде Гүлжан Мұсабаева өзін жайсыз сезініп, еденге отырған. Біршама уақыттан кейін жерге сылқ ете түсті. Есінен танып қалды. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткен. Одан кейін жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға алып кеткен. Бірақ 43 жастағы педагог көз жұмды.
Гүлжан Қабиденқызы Мамай ауылының орта мектебінде оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болған. Директордың сөзіне қарағанда, қайтыс болған әріптесі денсаулығына ешқандай шағым айтпаған. Біржан сал аудандық ауруханада есепте тұрған жоқ. Жыл сайынғы медициналық тексерістен өтіп, жұмыс істеуге рұқсат алған.
Жарыстарға қатысуға да рұқсаты бар. Ол волейбол мен үстел теннисі бойынша команда құрамында болған. Педагогтың артында күйеуі және үш баласы қалды.
Шарын шатқалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Оқиға
Шарын шатқалындағы трагедия: мұғалім мен оқушы көз жұмды
Жаңалықтар
0