Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды жауып тастады

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмыстарын бастады
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
"28 наурызда Қатонқарағай ауданында Согорное – Барлық жолының 16-шы шақырымында қар көшкіні жүріп, жолды толығымен жауып тастады. Көшкен қардың жалпы көлемі 600 текше метрді құрады. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ", - дейді құтқарушылар.
Жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмыстарын бастап кетті. Оған екі жұмысшы және бір техника тартылды.
Құтқарушылардың айтуынша, бірнеше күн бұрын қар көшкіні жүруі мүмкін деген ескерту-хабарламалар таратылған. Ондай қауіп 2022 жылдың 3 сәуіріне дейін сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды. Құтқарушылар таратқан ақпаратты мұқият бақылау қажет.
Жаңалықтар
0