Каспий құбыр консорциумы мұнайды шағын көлемде жөнелтіп жатыр

© Photo : КТККаспий құбыр консорциумының резервуары
Каспий құбыр консорциумының резервуары   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Каспий құбыр консорциумындағы үш оқшауланған айлақ қондырғысын тексеру кезінде соңғысының жарамды екені анықталды. Сондықтан оның жұмысы қалпына келтірілді, құбыр арқылы ең төмен режимде мұнай айдалып жатыр.
"Бірінші оқшауланған айлақ қондырғысы тексеріліп, операциялық жұмыстарға жарамды екені анықталды. Қазіргі уақытта бұл қондырғы арқылы мұнай айдау штаттық режимде жүріп жатыр. Ал екінші және үшінші қондырғылар пайдаланудан шығарылды. Жүк жөнелтушілерден келетін шикізатты мұнай құбыры жүйесіне қабылдау шағын режимде жүріп жатыр", - деді компанияның баспасөз қызметі.
Каспий құбыр консорциумы айлақтың тағы бірін жөндеу бойынша дайындық жұмыстарына кірісті, деп хабарлады РИА Новости кәсіпорынға сілтеме жасап.
"Үшінші айлақтағы қалқыма құбыршектерге жөндеу жүргізу мақсатында оқшауланған айлақ қондырғысының жүйесі жуылды. Бұл жұмыстар Christina танкерінің көмегімен атқарылды", - деп жазылған консорциум хабарламасында.
26 наурызда апаттан кейін алғаш рет мұнай танкерлері Каспий құбыр консорциумына бет алғаны туралы хабар тарады.
Мұнда үш оқшауланған айлақ қондырғысының екеуі істен шығуына байланысты Каспий құбыр консорциумы терминалдарында мұнай жөнелту 23 наурызда толығымен тоқтады.
Каспий құбыр консорциумы – ұзындығы 1,5 мың километрден астам магистральді құбыр салу және пайдалану үшін 20 жылдан астам уақыт бұрын құрылған Қазақстан, Ресей және әлемнің жетекші өндіруші компаниялары қатысатын мұнай тасымалдау бойынша ірі халықаралық жоба.
Бұл жүйеге шикізат негізінен Батыс Қазақстандағы ірі кен орындарынан, сондай-ақ ресейлік өндірушілерден келіп түседі де, содан кейін Новороссийск маңындағы портқа қайта құйылады. Қазақстандық жүк жөнелтушілердің үлесіне тасымалдау көлемінің 80%-ке жуығы тиесілі.
Қазақстанда өндірілетін мұнайды әлем нарығына жеткізетін құбырдың жұмыс желісі туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіздер.
Жаңалықтар
0