Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: бас прокурор мәжілісте депутаттардың сұрақтарына жауап береді

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Мәжілістің жалпы отырысы дүйсенбі, 14 наурызда өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Дүйсенбі, 14 наурыз Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов мәжіліс отырысына қатысып, депутаттардың қаңтар оқиғасын тергеуге қатысты сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін, 11 наурыз мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Онда 14 наурызда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.
"Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының сауалына Бас прокурордың ауызша жауабы туралы мәселе енгізілді", - делінген хабарламада.

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: депутаттар құқық қорғау органдарынан халыққа ашық жауап беруді талап етті
Бұған дейін мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" тобының мүшелері мемлекеттік орган басшыларынан қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты халықтың көкейінде жүрген сауалдарға ашық жауап беруді талап етті. Депутаттардың айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін екі ай өтсе де, қазақстандықтар негізгі сұрақтарға жауап ала алмай отыр.
Төменгі палата спикері Ерлан Қошанов аппарат басшысына осы мәселе бойынша тыңдау ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Жаңалықтар
0