Қазақстанның Ресеймен арадағы шекарасы заңмен шегенделген – министр Тілеуберді

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Екі мемлекеттің арасында тиісті құқықтық база бар, шекарамыз делимитациядан өткен, деді министр
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресеймен арадағы шекарасы шегенделгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрге әлеуметтік желіде Украинадағы жағдайдан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлеріне де қауіп төніп тұр деген пікір тарағанын айтты.
Министр Қазақстанның Ресеймен арадағы шекарасы заңмен шегенделгенін атап өтті.
"Ол мүмкін емес. Екі мемлекеттің арасында тиісті құқықтық база бар. Шекарамыз делимитациядан өткен. Қазір демаркация процесі жүріп жатыр. Демаркация дегеніміз шекарамызды шегелеп анықтау, белгілеу. Бұл процесс екі-үш жыл ішінде аяқталады. Екі елдің мемлекеттік шекарасы БҰҰ-да белгіленеді", - деп жауап берді Тілеуберді.
Архивное фото пограничников Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Оқиға
Қазақстан шекарасы күшейтілген режимде күзетіледі – ҰҚК
Жаңалықтар
0