ОСК екі депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының отырысында парламент мәжілісінің депутаттары Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылдың 16 қазанындағы Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы депутат Қаменов пен Решетниковтің өтініш беруіне байланысты олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деген шешім қабылдады.
Ұсыным Қазақстан парламентінің мәжілісіне енгізіледі.
Отырысқа Ақтөбе облысында іссапарда жүрген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Асылбек Смағұлов пен Шавхат Өтемісов те қатысты.
Отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.
Депутаттар туралы не белгілі
Парламент сайтының мәліметінше, Сергей Решетников – мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Арнайы әскери атағы бар – Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы подполковнигі. 1999-2016 жылдар аралығында ҰҚК-нің "Арыстан" бөлімшесінде қызмет еткен, "Альфа-А" терроризмге қарсы ардагерлер одағының негізін қалаған.
Файзолла Қаменов – мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Әр жылдары ішкі істер министрлігінің түрлі құрылымдарында қызмет атқарған, сонымен қатар ҰҚК-де жедел және басшылық қызметтерде болған.
2013-2014 жылдары Қазақстанның ҰҚК "Арыстан" қызметін басқарды.
Екі депутат та "Қазақстан халық партиясының" мүшесі.
Жаңалықтар
0