Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Президент жаңадан тағайындалған бас прокурорға тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Қазір прокуратура органдарына жүктелген ең үлкен міндет – қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған бас прокурор Берік Асыловты таныстырды.
Президент бұрынғы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы қоғамның басты талабы заңдардың қатаң сақталуы екеніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір прокуратура органдарына жүктелген ең үлкен міндет – қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру.
Президент кеңесте тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, расталған әрбір хабарламаға дер кезінде мән беруді, тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат таратуды тапсырды.
Сондай-ақ бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, антигуманистік қатынастарға қатысты жауапкершілікті күшейтетін ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Президенттің айтуынша, саладағы жұмысты ілгерілету үшін қоғамның қолдауына ие болатын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандар қажет.
Жаңалықтар
0