Алматыда әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін "Гелендваген" жүргізушісі жазаланды

© Photo : Скриншот видео Алматыда әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін "Гелендваген" жүргізушісі жазаланды
 Алматыда әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін Гелендваген жүргізушісі жазаланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Полицейлер жолдағы қос сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткен "Гелендваген" көлігінің жүргізушісін жауапқа тартты.
Оқиға Сәтбаевкөшесіне жетпей, Жароков бойында болған.
Алматы паблигінде тараған видеодан қара түсті "Гелендваген" жолдың қарсы бетімен қатты жүріп бара жатқаны көрінеді.
Жол ережесін бұзған жүргізуші 1982 жылы туған азамат екені анықталды, деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Бұл бапта алты айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
Автомобили в час пик в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Қоғам
Нұр-Сұлтанда көлік капотына мініп, видео түсірген жігіттер ұсталды
Жаңалықтар
0