Әлем

Украинадағы әскери операция: Ресейдің негізгі мақсаты қандай

© AP Photo / Sergei Grits Мариупольдегі қиратылған әскери нысан
 Мариупольдегі қиратылған әскери нысан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жазылу
Ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко Украинадағы арнайы операцияның негізгі мақсат-міндеттерін зерделеген.
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы әскери операцияны "мәжбүрлі шара" деп атады. Оның сөзіне қарағанда, қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлердің күшейіп кеткені сонша, әскери операциядан "басқа амал қалмады".
"Бұған дейін барынша тырыстық, бірақ барлық нәтижесі – нөл. Тағы қайталап айтамын, бұл – мәжбүрлі шара. Елдің ертеңгі күні қалай болатынын белгісіз. Бізге сондай қауіп-қатерлер жасайтын еді", - дейді Путин.
Ресей үшін Украинадағы әскери операция шабуыл емес, мәжбүрлі қорғаныс шарасы. Себебі НАТО біраз жылдан бері шығысқа қарай жақындап келеді. Батыс елдері болса, Киевтің Ресейге қарсы ұстанымын қолдап, АҚШ пен альянсқа украин жерін игеруге жағдай жасап отыр. Бірақ "әріптестерінің" еуропалық қауіпсіздікті бұзып жатқанын түсінбей отырған сияқты.
Күні кеше Ресей басшысы Украинадағы арнайы әскери операцияның басталғанын мәлімдеді. Негізгі мақсат – демилитаризация мен денацификация, сондай-ақ "Киев режимі тарапынан ұзақ жылға созылған геноцид пен қорлықты тоқтату" және Донбастың бейбіт халқын қорғау. Елді басып алу жоспары жоқ.
Бүгінде барлық шара шұғыл және заңды түрде қолға алынып жатыр. ДХР мен ЛХР Ресейден көмек сұрады. Содан федерация кеңесінің санкциясы шығарылды. БҰҰ жарғысының 51-бабы да бар.
Әскери операция таңертең басталды. Ал түске дейін қорғаныс министрлігі дәлдігі жоғары қарумен барлық әуе базасы мен әскери авиация инфрақұрылымын жойғанын мәлімдеді. Ресейлік генерал Игорь Конашенковтың айтуынша, ДХР мен ЛХР әскері Украинаның қарулы күштерінің қорғанысын бұзып, ресейлік әскерилердің қолдауымен контршабуылға көшті. Министрлік 24 ақпандағы соққылардың нәтижесін де жариялады. Атап айтқанда, жердегі әскери инфрақұрылымның 74 нысаны жойылды. Олар:
11 аэродром;
3 командалық пункт;
әскери теңіз күштерінің орналасу пункті;
С-300 мен "Бук – М1" әуе қорғанысы кешендерінің 18 радиолокациялық станциясы;
1 әскери тікұшақ;
"Байрактар ТБ-2" атты 4 пилотсыз ұшу аппараты.
Ресейдің қарулы күштері әскери нысандарға ғана соққы жасап жатыр. Украинаның бірде-бір қаласына, бейбіт адамдарға және экономикалық инфрақұрылымға оқ атылған жоқ.
Бұдан бөлек, Ресейдің қорғаныс министрлігі укараиналық шекарашылардың қарсылық көрсетпей жатқанын хабарлады. Украина Қарулы күштерінің 57-ші мотопехоталық бригадасы да қаруды тапсырып, ЛХР жағына өтті.
Ал украиналық Су-27 жойғыш ұшағы "ауғандық сценариймен" Румынияға өтіп кетті. Сол жерде ұшқыш таңғы сағат 07.05-де Бакэу әуе базасында жергілікті билікке берілді.
Вашингтон мен Брюссельде отырған стратегтер екі еуропалық армия – ресейлік және украиналық (НАТО стандарттары бойынша дайындалған) әскердің соғысқанын көргісі келген. Иә, өздері үшін және Еуропадағы болашақ шиеленістер үшін белгілі бір қорытынды жасау қажет. Сонда олар не көрді?
Ресейдің қарулы күштері Донбаста және Украина әскерінің тылында зымыранмен де, бомбамен де соққы жасап, стратегиялық маңызы бар нысандырды жойды. Соның ішінде Борисполь әскери аэродромдары (ол арқылы АҚШ пен НАТО қару-жарақтары жеткізіледі), Озерное, Кульбакино (сол жерде "Байрактар" пилотсыз ұшу аппараттары шоғырланды), Краматорск, Чугуев пен Чернобаевка бар. Дәлдігі жоғары соққылар Луцк, Ивано-Франковск пен Херсондағы әскери базаларға да жасалды. Киев қаласының Электриктер, 33 көшесінде орналасқан Бас барлау басқармасының ғимараты қиратылды.
Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ресейлік зымырандарға төтеп бере алмады. Жаппай соққы жасау кезінде әскери қоймалар, техника тұрған базалар, штабтар мен аэродромдар жойылды. Әскери операция бес күнге созылуы мүмкін.
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу болса, ресейлік әскерилерден Украина сарбаздарына құрметпен қарауды сұрады. Себебі "олар украин халқына ант беріп, бұйрықтарға ғана бағынған". Осы орайда Шойгу қаруды тапсырған украиналық сарбаздарға әскери операция аймақтарынан қауіпсіз шығуға мүмкіндік жасап, гуманитарлық дәліздерді ұйымдастыруды тапсырды. Сол арқылы өз туысқандарына бара алады.
Бұған дейін Путин "серіктестерге" араласпауға кеңес берген. Ал НАТО елдерінің біреуі Украинадағы операцияға араласса, "тарихта болмаған салдары" болатынын да ашық айтты.
Ресейдің әскери операциясы АҚШ пен НАТО-ға әлемнің көпполярлы екенін тағы бір мәрте ұғындыруы қажет. Айтпақшы, америкалық жасақ Украинадан алдын ала кетіп қалған. НАТО-ға кіретін басқа елдердің әскери мамандары да тура солай істеді. Енді, альянс қашықтан қорғаныс жоспарын іске асырмақшы. Аймақтық одақтастарын қорғау үшін өз күштерімізді жаңадан орналастырамыз дейді.
АҚШ президенті Джо Байден бейсенбі күні "Украинаға қарсы орынсыз агрессияның салдарын" жариялауға сөз берген. Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон да одақтастарымен бірге батыл шешім қабылдауға мүдделі. Тіпті, Ресейді "теуіп жібереміз" деп айтқан. Алайда Ресейге қарсы кезекті санкциялардан ары аспайтын сияқты.
Негізі, АҚШ пен НАТО Ресейге қарсы соғысты бұрын ашатын еді. Алайда Пентагон ресейлік зымырандарға қарсы ештеңе істей алмайтынын біледі. Бүгінде ядролық арсенал қолданбай-ақ, сол зымырандармен Америка армиясының тас-талқанын шығаруға болады. Пентагон беремін деген әуе шабуылына және зымырандарға қарсы қорғаныс жүйелері де жағдайды көмектесе алмайтын еді, керісінше, АҚШ қару-жарақтарының әлсіздігін көретін едік.
Ресейге қарсы әскери серіктестіктің нәтижесі оларға үлкен сабақ болуы керек. Басты мәселе – НАТО-ны кеңейтуді тоқтату, сондай-ақ шетелдік әскерді Шығыс Еуропадан шығару.
Жаңалықтар
0