Экономика

Ұлттық банк базалық ставканың көтерілуіне қатысты түсініктеме берді

© Photo : Пресс-служба Национального банка Казахстанаұлттық банк
ұлттық банк - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Ұлттық банк кезектен тыс шешім қабылдап базалық ставканы 10,25 проценттен 13,5 процентке дейін көтерген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ұлттық банк базалық ставканы көтеруге қатысты шешіміне түсініктеме берді
Ұлттық банк кезектен тыс шешім қабылдап базалық ставканы 10,25 проценттен 13,5 процентке дейін көтерді.

"Бұл қадам геосаяси жағдайдың ушығып кетуі кезінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Мұндай сценарий мен жоспар Ұлттық банк пен үкіметтің антикризистік шарасы ретінде қарастырылып, соның аясында іске асырылды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің хабарлауынша, ақша-несие комитетінің бұл шешімі ел экономикасына сыртқы дағдарыс әсерінің алдын алуға, теңге активтерін сақтау және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Ведомстводағылардың хабарлауынша, Ұлттық банк валюталық интервенция жасау құқығын қалдыра отырып, теңгенің еркін айналым режимін сақтайды.
24 ақпан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Ұлттық банк 104 млн АҚШ доллары соммасына интервенция жасады. Осы аптадағы валюта интервенциясының жалпы соммасы 137 млн АҚШ долларын құрады.
Жаңалықтар
0