https://sputnik.kz/20220217/kelissoz-onay-bolmady-zhanaozende-munayshylardyn-zhalaqysy-20-ke-osedi-22872406.html
Келіссөз оңай болмады: Жаңаөзенде мұнайшылардың жалақысы 20%-ке өседі
Келіссөз оңай болмады: Жаңаөзенде мұнайшылардың жалақысы 20%-ке өседі
Sputnik Қазақстан
Біраз бұрын Жаңаөзен қаласының тұрғындары еңбек талаптарының жақсартылуын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды талап етті 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T13:21+0500
2022-02-17T13:21+0500
2022-02-17T13:21+0500
өңірлер
жаңаөзен
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. "ӨзенМұнайГаз" мұнай-газ компаниясы бұрғылаушыларының жалақысы 20%-ке өседі. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мәлімдеді.Сонымен қатар Жаңаөзендегі жұмыссыздық жайы да талқыланды. Ресми мәлімет бойынша, шамамен 7 мың қала тұрғынының тұрақты табысы жоқ. Олардың көбі мұнай-ггаз саласымен байланысы жоқ жұмыс орындарынан бас тартады.Қазіргі уақытта "ӨзенМұнайГаз" компаниясына жұмысқа алу үшін ерекше алгоритм іске қосылған. Еңбек биржасында ресми тіркеуде тұрған адамдарды іс-тәжірибе және оқудан өтуі үшін коммуналдық кәсіпорындарға жұмысқа орналастырады. Егер мұнай компанияларында орын босаса, онда аталған азаматтар сол мекемеге жұмысқа бағытталады. Алайда жұмыссыздар бұл жүйе кейде дұрыс жүзеге аспайтынын айтып жатыр."Әділ өтпейді деп шағымданып жатыр. Әкімдіктегі, облыстағы немесе "Өзен МұнайГаз" компаниясындағы ықпалды адамдар өз қызмет бабын асыра пайдаланып, алгоритмсіз өз таныстарын қызметке орналастырады. Осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан бұл алгоритмнің әділ орындалуын қамтамасыз етеміз", - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.Біраз бұрын Жаңаөзен қаласының тұрғындары еңбек талаптарының жақсартылуын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды талап етті.Мысалы, FTC WIN компаниясының ("ӨзенМұнайГаз" мердігер мекемесі" жұмысшылары видеоүндеу жолдап, жұмысты тоқтататындарын мәлімдеді. Олар өздерін "ӨзенМұнайГаз" штатына кіргізуді талап етті.Жаңаөзендегі жұмыссыз тұрғындар да үндеу жолдап, "ӨзенМұнайГаз" компаниясының штатын кеңейтуді және мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындарын ашуды сұрады. Сонымен қатар "РЦКУ-Ақтау" компаниясының газ жөндеуші мамандары да наразылық білдірді. Олар өздерін "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының штатына қосуды талап етті.
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, мұнай
Келіссөз оңай болмады: Жаңаөзенде мұнайшылардың жалақысы 20%-ке өседі
Біраз бұрын Жаңаөзен қаласының тұрғындары еңбек талаптарының жақсартылуын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. "ӨзенМұнайГаз" мұнай-газ компаниясы бұрғылаушыларының жалақысы 20%-ке өседі. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мәлімдеді.
"Таңертең бұрғылау жұмыстары базасында мұнайшылармен кездесіп, келіссөзді жалғастырдық. Келіссөз оңай болған жоқ. Нәтижесінде осы жылдың қаңтарында "ҚазМұнайГаз" жұмысшылары үшін қосылған 10%-ке қосымша жалақыны тағы 20%-ке өсіру туралы келісімге келдік", - деді Айдарбаев.
Сонымен қатар Жаңаөзендегі жұмыссыздық жайы да талқыланды. Ресми мәлімет бойынша, шамамен 7 мың қала тұрғынының тұрақты табысы жоқ. Олардың көбі мұнай-ггаз саласымен байланысы жоқ жұмыс орындарынан бас тартады.
Қазіргі уақытта "ӨзенМұнайГаз" компаниясына жұмысқа алу үшін ерекше алгоритм іске қосылған. Еңбек биржасында ресми тіркеуде тұрған адамдарды іс-тәжірибе және оқудан өтуі үшін коммуналдық кәсіпорындарға жұмысқа орналастырады. Егер мұнай компанияларында орын босаса, онда аталған азаматтар сол мекемеге жұмысқа бағытталады. Алайда жұмыссыздар бұл жүйе кейде дұрыс жүзеге аспайтынын айтып жатыр.
"Әділ өтпейді деп шағымданып жатыр. Әкімдіктегі, облыстағы немесе "Өзен МұнайГаз" компаниясындағы ықпалды адамдар өз қызмет бабын асыра пайдаланып, алгоритмсіз өз таныстарын қызметке орналастырады. Осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан бұл алгоритмнің әділ орындалуын қамтамасыз етеміз", - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Біраз бұрын Жаңаөзен қаласының тұрғындары еңбек талаптарының жақсартылуын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды талап етті.
Мысалы, FTC WIN компаниясының ("ӨзенМұнайГаз" мердігер мекемесі" жұмысшылары видеоүндеу жолдап, жұмысты тоқтататындарын мәлімдеді. Олар өздерін "ӨзенМұнайГаз" штатына кіргізуді талап етті.
Жаңаөзендегі жұмыссыз тұрғындар да үндеу жолдап, "ӨзенМұнайГаз" компаниясының штатын кеңейтуді және мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындарын ашуды сұрады. Сонымен қатар "РЦКУ-Ақтау" компаниясының газ жөндеуші мамандары да наразылық білдірді. Олар өздерін "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының штатына қосуды талап етті.