https://sputnik.kz/20220215/meshit-namaz-urlyq-video-22793930.html
Шымкент мешітінде намаз кезінде жасалған ұрлық видеоға түсіп қалды
Шымкент мешітінде намаз кезінде жасалған ұрлық видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласындағы мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T09:40+0500
2022-02-15T09:40+0500
2022-02-15T09:40+0500
оқиға
шымкент
мешіт
ұрлық
https://sputnik.kz/img/1260/20/12602088_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_c481f85da501ff1232a71fa513bd0b34.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласындағы мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызданған қала тұрғыны мешітте зарядталып тұрған "Samsung" маркалы ұялы телефоны жоғалғанын хабарлаған. Оқиға орнына барған полицейлер бірден куәгерлерден жауап алып, бейнекамераларды қарап шыққан. Видеода кешке мешітке келген ер адам жұртпен бірге намаз оқығандай сыңай танытады. Бірақ бәрінің соңында тұрған. Жиылған жұрт сәждеге бас қойғанын пайдаланып, зарядталып тұрған ұялы телефонды ұрлап кеткен. Дәрет алатын жердегі тағы бір ұрлығы да видеоға түсіп қалған.Ұсталған ер адам 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны хабарланды. Оған сәйкес, бірнеше рет жасалған ұрлық әрекеті үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі де тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20220211/shymkentte-meshitte-urlyq-zhasagan-29-zhastagy-zhigit-ustaldy-22716146.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/20/12602088_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_85b10fd7464f853c2c2546c13b2ad278.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, мешіт, ұрлық
Шымкент мешітінде намаз кезінде жасалған ұрлық видеоға түсіп қалды
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласындағы мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызданған қала тұрғыны мешітте зарядталып тұрған "Samsung" маркалы ұялы телефоны жоғалғанын хабарлаған. Оқиға орнына барған полицейлер бірден куәгерлерден жауап алып, бейнекамераларды қарап шыққан.
Видеода кешке мешітке келген ер адам жұртпен бірге намаз оқығандай сыңай танытады. Бірақ бәрінің соңында тұрған. Жиылған жұрт сәждеге бас қойғанын пайдаланып, зарядталып тұрған ұялы телефонды ұрлап кеткен. Дәрет алатын жердегі тағы бір ұрлығы да видеоға түсіп қалған.
Ұсталған ер адам 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны хабарланды. Оған сәйкес, бірнеше рет жасалған ұрлық әрекеті үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі де тәркіленеді.