Қоғам

"25 мың теңге аударыңыз!": халықты Instagram арқылы алдаған жігіт ұсталды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСтраница социальной сети Instagram на экране смартфона
Страница социальной сети Instagram на экране смартфона - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
Ол аударылған ақша екі-үш есе артық болып қайтарылады деп сендірген.
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында халықты Instagram арқылы алдаған ер адам ұсталды.
Бұл туралы криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ол "ақшаны айналдырып беруге" уәде беріп, Kaspi Gold картасына 25 мың теңгені аударуды сұраған. Ал бір күннің ішінде аударылған ақша екі-үш есе артық болып қайтарылады деп сендірген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - деді Дүйсетаев онлайн брифингте.
Ал Павлодар қаласында алаяқтар тобы ұсталды. Үш ер адам ауыл шаруашылығы техникасы мен дәнді дақылдарды сату туралы жалған хабарландыруларды жариялап, халықты ақшаға алдаған.
"Оларды ұстау кезінде 20 ұялы телефон, 10 SIM-карта мен 7 банк картасы тәркіленді. Сол арқылы алаяқтық әрекеттер жасалды. Қазіргі кезде ұстағандардың 200 қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп атап көрсетті Дүйсетаев.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Оқи отырыңыз: Кейбір мобильдік қосымшаларды гаджетте сақтау қауіпті
Жаңалықтар
0