https://sputnik.kz/20220212/toqaev-tatarstan-zauyt-22725630.html
Тоқаев қазақстандық зауыттардың болашақ қызметкерлерімен кездесті
Тоқаев қазақстандық зауыттардың болашақ қызметкерлерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда алдағы уақытта "КАМАЗ" көлігіне қажетті қосалқы бөлшектер шығарылады 12.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-12T08:05+0500
2022-02-12T08:05+0500
2022-02-12T08:09+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
зауыт
https://sputnik.kz/img/1139/46/11394680_0:165:2385:1507_1920x0_80_0_0_617e0c3891bde4e6907867bb07962d3e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевТатарстанның республикалық маңызы бар қаласыНабережные Челнышаһарына барып, Ресейдің іріавтомобиль корпорациясы– "КАМАЗ" компаниялар тобыныңөндірісімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөзқызметі."КАМАЗ" әлемдегі ауыр жүк көліктерін шығаратын жетекші компаниялардың жиырмалығына кіреді. Оның өндірістік қуаты жылына 71 мың машина шығаруға мүмкіндік береді.Алыс-жақын шетелдерге көлік экспорттайтын бұл компанияның басшылығының айтуынша, Қазақстанның автомобиль нарығы өте маңызды бағыт. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жаңа жүк көліктері нарығындағы "Камаздың" үлесі 42 пайыз болған. Аталған компания Қазақстанда бірнеше жобаны қолға алған. Соның бірі – Қостанай қаласының индустриялық аймағындағы шойын құю өндірісін іске асыратын "KamLitKZ" зауытының құрылысы. Өндірісті 2024 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр. Дәл осы индустриялық аймақта көліктің құрал-саймандарын шығаратын зауыт салынып жатыр.Компания басшылығының айтуынша, Қазақстанда алдағы уақытта "КАМАЗ" көлігіне қажетті қосалқы бөлшектер шығарылмақ.Мемлекет басшысы "КАМАЗ" компаниясының зауыттарында тәжірибе алмасып жүрген қазақстандық мамандармен әңгімелесті. Осындай мүмкіндік туғызғаны үшін жұмысшы жастар Қазақстан президентіне алғыс айтты. Тәжірибе жинау мақсатымен екі айға келген жұмысшылар Қостанайда ашылатын зауытта жұмыс істейтін болады.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың негізгі драйвері саналатын мұнай өңдеу, машина жасау салаларына арналған және Татарстаннан шығатын өзге де өнімдер қойылған көрмені аралап көрді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1139/46/11394680_24:0:2167:1607_1920x0_80_0_0_c6fb21c0d9f2466f2fa5e3cb0b53af88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, зауыт
қасым-жомарт тоқаев, зауыт
Тоқаев қазақстандық зауыттардың болашақ қызметкерлерімен кездесті
08:05 12.02.2022 (жаңартылды: 08:09 12.02.2022) Қазақстанда алдағы уақытта "КАМАЗ" көлігіне қажетті қосалқы бөлшектер шығарылады
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевТатарстанның республикалық маңызы бар қаласыНабережные Челнышаһарына барып, Ресейдің іріавтомобиль корпорациясы– "КАМАЗ" компаниялар тобыныңөндірісімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөзқызметі.
"КАМАЗ" әлемдегі ауыр жүк көліктерін шығаратын жетекші компаниялардың жиырмалығына кіреді. Оның өндірістік қуаты жылына 71 мың машина шығаруға мүмкіндік береді.
Алыс-жақын шетелдерге көлік экспорттайтын бұл компанияның басшылығының айтуынша, Қазақстанның автомобиль нарығы өте маңызды бағыт. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жаңа жүк көліктері нарығындағы "Камаздың" үлесі 42 пайыз болған. Аталған компания Қазақстанда бірнеше жобаны қолға алған. Соның бірі – Қостанай қаласының индустриялық аймағындағы шойын құю өндірісін іске асыратын "KamLitKZ" зауытының құрылысы. Өндірісті 2024 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр. Дәл осы индустриялық аймақта көліктің құрал-саймандарын шығаратын зауыт салынып жатыр.
Компания басшылығының айтуынша, Қазақстанда алдағы уақытта "КАМАЗ" көлігіне қажетті қосалқы бөлшектер шығарылмақ.
Мемлекет басшысы "КАМАЗ" компаниясының зауыттарында тәжірибе алмасып жүрген қазақстандық мамандармен әңгімелесті. Осындай мүмкіндік туғызғаны үшін жұмысшы жастар Қазақстан президентіне алғыс айтты. Тәжірибе жинау мақсатымен екі айға келген жұмысшылар Қостанайда ашылатын зауытта жұмыс істейтін болады.
"Бұл – экономикамызға тың серпін беретін маңызды жоба. Сіздердің қажетті білім алып, тәжірибе жинағандарыңыз өте құптарлық жайт", – деді мемлекет басшысы.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың негізгі драйвері саналатын мұнай өңдеу, машина жасау салаларына арналған және Татарстаннан шығатын өзге де өнімдер қойылған көрмені аралап көрді.