https://sputnik.kz/20220211/lengir-turgyny-75-mln-tenge-22707779.html
Леңгір тұрғыны қарызға алған 75 млн теңгесін ұтылып қалды
Леңгір тұрғыны қарызға алған 75 млн теңгесін ұтылып қалды
Sputnik Қазақстан
Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды 11.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-11T12:47+0500
2022-02-11T12:47+0500
2022-02-11T14:48+0500
өңірлер
ақша
түркістан
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704033_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_c78dbe1eeaafa62f3e56848221760260.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Түркістан полицейлері 75 миллион теңге қарыз болып, жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, жасы 30-ға жуықтаған ұлы үйінен шығып, қайта оралмаған. Төрт тәулік уақыт өткен. Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан. Полицейлер оқиға орнына барған. Олар қала көшелерін тексеріп, ер адамның суретін көрсетіп тұрғындардан сұрастырған. Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылған.Бір аптадан соң Түркістан полицейлері жоғалған тұрғынды Алматы қаласынан тапты. Ол таныстарынан 75 миллион теңге қарызға алып, бар қаражатты құмар ойынға жұмсап жіберген. Өз сөзінде қарызға алған ақшаны қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді. Қазіргі уақытта тұрғын үйіне жеткізілді.
https://sputnik.kz/20190127/tanymal-anshi-kumar-oiynga-salinganyn-moiyndady-9037187.html
https://sputnik.kz/20210208/qumar-oyyn-qanymda-bar-16234701.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704033_613:0:2864:1688_1920x0_80_0_0_0d93bfbcca11849433c14f0725cdc913.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша, түркістан
Леңгір тұрғыны қарызға алған 75 млн теңгесін ұтылып қалды
12:47 11.02.2022 (жаңартылды: 14:48 11.02.2022) Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Түркістан полицейлері 75 миллион теңге қарыз болып, жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды
Polisia.kz. Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, жасы 30-ға жуықтаған ұлы үйінен шығып, қайта оралмаған. Төрт тәулік уақыт өткен.
Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан. Полицейлер оқиға орнына барған. Олар қала көшелерін тексеріп, ер адамның суретін көрсетіп тұрғындардан сұрастырған.
Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылған.
Бір аптадан соң Түркістан полицейлері жоғалған тұрғынды Алматы қаласынан тапты. Ол таныстарынан 75 миллион теңге қарызға алып, бар қаражатты құмар ойынға жұмсап жіберген.
Өз сөзінде қарызға алған ақшаны қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.
Қазіргі уақытта тұрғын үйіне жеткізілді.