Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Полиция жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 792 адамды тұтқындады

© REUTERS / Pavel MikheyevЖенщина фотографирует здание, сожженное во время беспорядков в Алматы
Женщина фотографирует здание, сожженное во время беспорядков в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Бұлтартпау шарасының өзгеруіне байланысты тергеу изоляторына қамалғандардың 198-і босатылған
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрлық және тонау, тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 900-ге жуық адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның 792-сі қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, террорлық акті, жаппай тәртіпсіздік себептері мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша тергеу Бас прокуратураға тапсырылған. Осыған байланысты осы санаттағы барлық қылмыстық іс арнайы прокурорларға берілген.
"Ішкі істер органдары өндірісінде қазіргі таңда 2,5 мыңнан астам іс жатыр. Олардың негізгі бөлігі – ұрлық және тонау істері. Қылмыс жасады деген күдікпен 893 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның 792-сі тұтқындалды", - деді Қожаев мәжілісте адам құқықтарын қорғау туралы дөңгелек үстелде.
Ұсталғандардың кінәсі ұрланған мүлік, бейнебақылау камераларының жазбасы, әлеуметтік желілердегі роликтер түрінде тәркіленген заттай айғақтармен дәлелденіп жатыр.
Қожаев ұсталғандар арнайы мекемеге медициналық тексерістен кейін ғана қамалатынын атап өтті.
Бұған қоса прокурорлармен бірлесіп Қылмыстық-процестік заңда айқындалған негіздер бойынша күдіктілерді қамаудан босату жұмысы жалғасып жатыр.
"Бұлтартпау шарасының өзгеруіне байланысты тергеу изоляторына қамалғандардың 198-і босатылды", - деді Қожаев.
Сондай-ақ, айтуынша, арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынысымен денсаулығына шағымданған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр.
Здание в Алматы, пострадавшее во время беспорядков - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2022
Қоғам
"Менің үйім емес, өртене берсін": алматылық әйел бүлік болған күнді еске алды
Жаңалықтар
0