https://sputnik.kz/20220210/bulikke-qatysushylar-deputat-22682442.html
Бүлікке қатысушылар кездейсоқ барған адам ретінде көрсетіліп жатыр – депутат
Бүлікке қатысушылар кездейсоқ барған адам ретінде көрсетіліп жатыр – депутат
Sputnik Қазақстан
Сонымен бірге мемлекет ақпарат соғысында жеңіліп жатыр, деп есептейді Гүлнәр Бижанова 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T15:29+0500
2022-02-10T15:29+0500
2022-02-10T15:32+0500
қоғам
тәртіпсіздік
алматы
https://sputnik.kz/img/800/51/8005187_0:192:1201:867_1920x0_80_0_0_57bfdbb25b1054fd27928c32d0be251d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гүлнәр Бижанова қаңтардағы бүлікке қатысқандар кездейсоқ барған адам ретінде көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Бүгінде тергеу изоляторында кездейсоқ ұсталған адамдар қалмады. Ал қамауға алынғандарға қатысты нақты дәлелдер бар. Олар сол кездегі оқиғаларға қалай болса да қатысқан. Иә, қызмет бабын асыра пайдалану, тіпті қатыгездік таныту фактілері де бар. Біз құқық қорғау органдарын ақтап отырған жоқпыз. Әрбір әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды, әлі де қозғалады", - деді Бижанова дөңгелек үстел отырысында.Оның айтуынша, алғашқы күндері эмоция басым болды. Қазіргі кезде тергеу заң аясында жүргізіліп жатыр.Осы орайда депутат Алматыда болған бір оқиғаны еске алды. Ұсталған келіншек құрсағымдағы балам түсіп қалды деп, полицияны айыптаған. Тәртіп сақшылары ол ақпаратты жоққа шығарды. Артынан келіншек өтірік айтқанын мойындап, кешірім сұрады."Неге үкімет осындай фейктерді әшкерелеу бойынша белсенді жұмыс істемейді? Біздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігіміз қайда? Осы күндері олардың үні неге шықпайды? Қазір мақалалар жарияланып жатыр. Бірақ ақпарат кеңістігінің басым бөлігін жаппай мазасыздық жаулап алған. Оған жол бермеуіміз керек. Себебі тәртіп сақшыларына деген сенімнің деңгейі қатты төмендеп отыр", - дейді Бижанова.Депутаттың сөзіне қарағанда, ішкі істер министрлігі, бас прокуратура мен ақпарат министрлігі жалған мәліметтерді анықтап, халыққа дер кезінде жеткізіп отыруы қажет."Жалған белсенділердің есірігі қалай таратылса, тура солай нақты әрі шынайы ақпаратты жаппай таратуымыз қажет. Қазіргі кезде қамауда отырған қатысушыларды ақтап алуға деген талпыныс анық байқалып отыр. Оларды кездейсоқ адам, ашынған халық патриоты ретінде көрсеткісі келеді. Иә, алғашқы күндері бейбіт митингілер кезінде ашынған халық болды. Бірақ әкімшілік ғимараттарды қиратқан және отандас кәсіпкерлерді тонаған адамдардың әрекетін қатаң айыптау қажет", - деп түйіндеді ол.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/800/51/8005187_0:79:1201:979_1920x0_80_0_0_f8cae23bcd94920d78e94b011244ad90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, алматы
Бүлікке қатысушылар кездейсоқ барған адам ретінде көрсетіліп жатыр – депутат
15:29 10.02.2022 (жаңартылды: 15:32 10.02.2022) Сонымен бірге мемлекет ақпарат соғысында жеңіліп жатыр, деп есептейді Гүлнәр Бижанова
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гүлнәр Бижанова қаңтардағы бүлікке қатысқандар кездейсоқ барған адам ретінде көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде тергеу изоляторында кездейсоқ ұсталған адамдар қалмады. Ал қамауға алынғандарға қатысты нақты дәлелдер бар. Олар сол кездегі оқиғаларға қалай болса да қатысқан. Иә, қызмет бабын асыра пайдалану, тіпті қатыгездік таныту фактілері де бар. Біз құқық қорғау органдарын ақтап отырған жоқпыз. Әрбір әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды, әлі де қозғалады", - деді Бижанова дөңгелек үстел отырысында.
Оның айтуынша, алғашқы күндері эмоция басым болды. Қазіргі кезде тергеу заң аясында жүргізіліп жатыр.
"Соған қарамастан, әлеуметтік желідегі жаппай мазасыздық басылатын емес. Біз бұның барлығы қалай ұйымдастырылып жатқанына куәміз. Дәл қазір мемлекет ақпарат соғысында жеңіліп жатыр. Оны мойындауымыз қажет", - деп атап өтті Бижанова.
Осы орайда депутат Алматыда болған бір оқиғаны еске алды. Ұсталған келіншек құрсағымдағы балам түсіп қалды деп, полицияны айыптаған. Тәртіп сақшылары ол ақпаратты жоққа шығарды. Артынан келіншек өтірік айтқанын мойындап, кешірім сұрады.
"Неге үкімет осындай фейктерді әшкерелеу бойынша белсенді жұмыс істемейді? Біздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігіміз қайда? Осы күндері олардың үні неге шықпайды? Қазір мақалалар жарияланып жатыр. Бірақ ақпарат кеңістігінің басым бөлігін жаппай мазасыздық жаулап алған. Оған жол бермеуіміз керек. Себебі тәртіп сақшыларына деген сенімнің деңгейі қатты төмендеп отыр", - дейді Бижанова.
Депутаттың сөзіне қарағанда, ішкі істер министрлігі, бас прокуратура мен ақпарат министрлігі жалған мәліметтерді анықтап, халыққа дер кезінде жеткізіп отыруы қажет.
"Жалған белсенділердің есірігі қалай таратылса, тура солай нақты әрі шынайы ақпаратты жаппай таратуымыз қажет. Қазіргі кезде қамауда отырған қатысушыларды ақтап алуға деген талпыныс анық байқалып отыр. Оларды кездейсоқ адам, ашынған халық патриоты ретінде көрсеткісі келеді. Иә, алғашқы күндері бейбіт митингілер кезінде ашынған халық болды. Бірақ әкімшілік ғимараттарды қиратқан және отандас кәсіпкерлерді тонаған адамдардың әрекетін қатаң айыптау қажет", - деп түйіндеді ол.