https://sputnik.kz/20220208/zhastar-alayaqtar-zhemqorlar-boy-tuzeu-22614678.html
Жастар алаяқтар мен жемқорларға қарап бой түзейтін болды – Тоқаев
Жастар алаяқтар мен жемқорларға қарап бой түзейтін болды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қоғамдық табысқа жетудің жолы осы деген қате түсінік орын алуда, деді мемлекет басшысы 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T13:16+0500
2022-02-08T13:16+0500
2023-08-09T12:44+0500
қоғам
жастар
қасым-жомарт тоқаев
алаяқтық
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094464_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_75cc8d186030b77814f5d43625a5d422.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өркениетті қоғам құру үшін адал еңбек ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Адал еңбек ету бәрімізге ортақ міндет. Өкінішке қарай, кейде жұрт, әсіресе жастар маңдай терін төгіп, жұмыс істегісі келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жөн көреді. Өйткені бізде адал еңбек лайықты бағаланбайды деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүрген түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр. Тіпті соларға қарап бой түзейтін болды. Қоғамдық табысқа жетудің жолы осы деген қате түсінік орын алуда", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында. Тоқаев тағы бір жағымсыз үрдіс – масылдыққа тоқталды. Тоқаев министрден қаржыгерден қара жұмысшыға дейін әр азаматты бұл туралы терең ойлануға шақырды. "Тиісті қорытынды жасап, дұрыс әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана біз өркениетті қоғам құра аламыз", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20220208/toqaev-khalyq-masele-22611334.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094464_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd28ce3b211a4ed4c419d254332c095b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, қасым-жомарт тоқаев, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық
жастар, қасым-жомарт тоқаев, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық
Жастар алаяқтар мен жемқорларға қарап бой түзейтін болды – Тоқаев
13:16 08.02.2022 (жаңартылды: 12:44 09.08.2023) Қоғамдық табысқа жетудің жолы осы деген қате түсінік орын алуда, деді мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өркениетті қоғам құру үшін адал еңбек ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Адал еңбек ету бәрімізге ортақ міндет. Өкінішке қарай, кейде жұрт, әсіресе жастар маңдай терін төгіп, жұмыс істегісі келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жөн көреді. Өйткені бізде адал еңбек лайықты бағаланбайды деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүрген түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр. Тіпті соларға қарап бой түзейтін болды. Қоғамдық табысқа жетудің жолы осы деген қате түсінік орын алуда", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Тоқаев тағы бір жағымсыз үрдіс – масылдыққа тоқталды.
"Кейбіреулер адал еңбекпен жетістікке жететін мүмкіндік жоқ екенін көрген соң, еш әрекетсіз қол қусырып отырады. Жұмыс істеудің орнына жақындарына да, мемлекетке де масыл болуда. Өзіне жәрдемақы мен жеңілдік талап етіп алақан жаюдан арланбайды. Тіпті жергілікті билікке қоқан-лоққы көрсетуден де тайынбайды", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР президенті
Тоқаев министрден қаржыгерден қара жұмысшыға дейін әр азаматты бұл туралы терең ойлануға шақырды.
"Тиісті қорытынды жасап, дұрыс әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана біз өркениетті қоғам құра аламыз", - деп түйіндеді президент.