Денсаулық

Бір тәулікте індеттен 19 адам көз жұмды

© REUTERS / EDGARD GARRIDOСотрудник морга рядом с телом погибшего от коронавируса
Сотрудник морга рядом с телом погибшего от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Қазақстанда 135 590 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 18, пневмониядан бір адам көз жұмды.
Елде 135 590 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Індетке шалдыққандардың арасында:
446 адамның жағдайы ауыр,
168 пациенттің жағдайы өте ауыр,
84 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Емделіп жатқандардың ішінде 10 283 пациент стационарда, 125 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жаңалықтар
0