https://sputnik.kz/20220126/karagandy-mobildi-brigada-19216916.html
Қарағандыда мобильді бригада шақырту үш есеге артты
Қарағандыда мобильді бригада шақырту үш есеге артты
Sputnik Қазақстан
Мобильді бригадалар пациенттерді тексереді, ПТР-тесттер алады, емдеу бойынша ұсыныстар, жадынамалар береді 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T07:59+0500
2022-01-26T07:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
жедел жәрдем
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Коронавирустың өршуіне байланысты Қарағанды емханаларына жүктеме артты.Тұмау белгілері бар және коронавирусқа күдікті пациенттерге тек фильтрде ғана емес, сондай-ақ үйлеріне барып та қызмет көрсетіледі.Соңғы аптада қоңыраулар санының күрт өсуі байқалады. Шамамен үш есеге артты. Таңертеңнен кешке дейін сall-орталықтың диспетчерлері шақыртуларды қабылдайды."Олар қоңырауларды сұрыптайды. Егер пациенттер тұмау, қызба, мұрынның бітелуі, жөтел, сұйық нәжіс белгілеріне шағымданса, бұл шақырулар мобильді бригадаларға жіберіледі. Бізде олардың саны 13. Егер шұғыл көмек қажет ететін қоңыраулар түссе, олар жедел жәрдем қызметіне жіберіледі. Мобильді бригадалар жеделдіктің төртінші санатындағы шақыруларға қызмет көрсетеді", – деді №1 көпсалалы аурухана жанындағы емхананың аға тіркеушісі Татьяна Бойко.Мобильді бригадалар пациенттерді тексереді, ПТР-тесттер алады, емдеу бойынша ұсыныстар, жадынамалар береді.Егер науқаста коронавирус расталса, оны ауруханаға жатқызу, компьютерлік томографиядан өту туралы мәселе шешіледі. Аурудың жеңіл ағымымен науқас үйде өзін-өзі оқшаулау туралы қолхат жазады. Оның сынақтары үйде өткізіледі."Ауру ағымы орташа деңгейдегі пациенттерге қажет болған жағдайда пульсоксиметрлер, ыстықты түсіретін және бактерияға қарсы препараттар беріледі. Күн сайын онымен телефон арқылы байланыста боламыз", – дейді емхананың үшінші отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Балжан Мұса.Ауруханаға сатурациясы төмен, дене қызуы бес күннен аса түспей тұрған, ентігу, құсу немесе сұйық нәжіс, пароксизмальды жөтелі бар пациенттер жатқызылады.Оқи отырыңыз: Коронавирустың шарықтау шегі ақпанның ортасына келеді – министрлік
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жедел жәрдем, қарағанды
Қарағандыда мобильді бригада шақырту үш есеге артты
07:59 26.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мобильді бригадалар пациенттерді тексереді, ПТР-тесттер алады, емдеу бойынша ұсыныстар, жадынамалар береді
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Коронавирустың өршуіне байланысты Қарағанды емханаларына жүктеме артты.
Тұмау белгілері бар және коронавирусқа күдікті пациенттерге тек фильтрде ғана емес, сондай-ақ үйлеріне барып та қызмет көрсетіледі.
Соңғы аптада қоңыраулар санының күрт өсуі байқалады. Шамамен үш есеге артты. Таңертеңнен кешке дейін сall-орталықтың диспетчерлері шақыртуларды қабылдайды.
"Олар қоңырауларды сұрыптайды. Егер пациенттер тұмау, қызба, мұрынның бітелуі, жөтел, сұйық нәжіс белгілеріне шағымданса, бұл шақырулар мобильді бригадаларға жіберіледі. Бізде олардың саны 13. Егер шұғыл көмек қажет ететін қоңыраулар түссе, олар жедел жәрдем қызметіне жіберіледі. Мобильді бригадалар жеделдіктің төртінші санатындағы шақыруларға қызмет көрсетеді", – деді №1 көпсалалы аурухана жанындағы емхананың аға тіркеушісі Татьяна Бойко.
Мобильді бригадалар пациенттерді тексереді, ПТР-тесттер алады, емдеу бойынша ұсыныстар, жадынамалар береді.
Егер науқаста коронавирус расталса, оны ауруханаға жатқызу, компьютерлік томографиядан өту туралы мәселе шешіледі. Аурудың жеңіл ағымымен науқас үйде өзін-өзі оқшаулау туралы қолхат жазады. Оның сынақтары үйде өткізіледі.
"Ауру ағымы орташа деңгейдегі пациенттерге қажет болған жағдайда пульсоксиметрлер, ыстықты түсіретін және бактерияға қарсы препараттар беріледі. Күн сайын онымен телефон арқылы байланыста боламыз", – дейді емхананың үшінші отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Балжан Мұса.
Ауруханаға сатурациясы төмен, дене қызуы бес күннен аса түспей тұрған, ентігу, құсу немесе сұйық нәжіс, пароксизмальды жөтелі бар пациенттер жатқызылады.