Өңірлер

Ақтөбелік қашқын жертөледе жасырынған болып шықты – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото заключенного
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Жазылу
Қарауыл жасағы күзетіп тұрған тұтқынның ауруханадан қалай шығып кеткені белгісіз
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде ауруханадан қашып кеткен күдікті бір күннен астам уақыт бойы бесқабатты үйдің жертөлесінде тығылып отырған, деп хабарлады "Астана" арнасы.
49 жастағы Мұрат Айтқалиев адам өлтіруге және зорлауға оқталғаны үшін қамауға алынған.  Өткен аптада тергеу изоляторынан жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Облыстық аурухананың бас дәрігері Сәкен Қапановтың айтуынша, күдіктіні 19 қаңтарда хирургиялық бөлімге алып келген.
"Ол өзінің денесіне қаламмен жарақат салған. Хирургиялық бөлімге жатқызылып, операция жасалды. Операциядан кейін ол палатада болды. 23-і күні таңертең сағат алтыдан кете қашып кеткен, қасында күзет болды", - дейді Қапанов.
Күдікті аурухананың екінші қабатындағы палатада жатқан. Қарауыл жасағы күзеткен тұтқынның қалай шығып кеткені белгісіз. Қазіргі кезде тергеушілер оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісті. Полицейлер ауруханадан қашқан аса қауіпті күдіктіні қаладағы Сәтпаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің жертөлесінен тапты.
Айтқалиев азаматтық некеде тұрған жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін қамауға алынған. Енді қашқынның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сәйкес,  қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 426-шы, "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0