Қоғам

Жәмішев "Қазақстан халқына" қоры кімдерге көмек көрсететінін айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинПрезидент Федерации конькобежного спорта Казахстана, член попечительского совета Фонда Дениса Тена Болат Жамишев
Президент Федерации конькобежного спорта Казахстана, член попечительского совета Фонда Дениса Тена Болат Жамишев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Ол қор Қазақстанда жұмыс істеп тұрған қайырымдылық ұйымдары арқылы жұмыс істейтінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Президент тапсырмасы бойынша құрылған "Қазақстан халқына" атты қордың жетекшісі Болат Жәмішев "31 арнаға" берген сұхбатында ұйым өз донорлары және көмек алушылармен қалай байланыс орнататыны туралы айтып берді.
Жәмішев ғимаратты жөндеу сынды қандай да бір қаржыландыру міндеті бойынша мемлекет рөлін қоса атқармайтынына баса назар аударды. "Қазақстан халқына" қоры халық проблемаларының шешімін табу бойынша жұмыс істейді.
"Қор мемлекет қызметін қайталамауы керек. Біз бюджет орнын алмастыратын ұйым болмауымыз керек. Әлеуметтік салаға және басқа да мақсаттарға арналған барлық бюджет шығыны толық көлемде бөлінуге тиіс. Біз қандай да бір жеке бастамаларды алмастырмаймыз. Қайырымдылық қорлары арқылы орынды қаржыландырылатын бағдарды табуымыз керек", - деді Жәмішев.
Ол қор Қазақстанда жұмыс істеп тұрған қайырымдылық ұйымдары арқылы жұмыс істейтінін атап өтті. Яғни, азаматтар көмек алу үшін өтініш берушілерден тиісті құжаттарды жинап, тексеретін қайырымдылық ұйымдарына жүгінуі керек.
"Қазір 140 қайырымдылық ұйымы бірыңғай портал, яғни өтініштерді қабылдайтын, деректердің қайталануына, жоғалуына, тиісті жауап ұсынбастан негізсіз бас тартуға жол бермейтін электронды портал арқылы халықпен өзара әрекеттеседі. Ал бұл жүйе еліміздегі халыққа қызмет көрсетуді ақпараттандыру бағыты біздің бағытта да жүзеге асатынына сенім ұялатады", - деп атап өтті Жәмішев.
"Қазақстан халқына" қорының көмегіне кім үміт арта алады деген сұраққа жауап берген Жәмішев бұл негізінен қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің отбасылары болуы мүмкін екенін атап өтті.
Жәмішевтің айтуынша, қазір қор ұйымдастыру сатысында тұр.
Қор басшысы қайырымдылық жасаушы және электронды түрде көмекке жүгінгендермен өзара байланыс орнататынын айтты. Ол үшін қазір сайт әзірленіп жатыр.
Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды.
Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету, төтенше жағдай және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету қордың негізгі міндеті болып табылады.
Біраз бұрын хабарлағандай, қаржыландыру жеке қаржы көздерінен, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея операторының, бәс тігу орталығының және басқа монополистердің міндетті жарналары, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты жарналары, қайырымдылық қаражаты, соның ішінде квазимемлекеттік сектор есебінен жүзеге асырылады.
2022 жылдың 17 қаңтарындағы дерек бойынша қорға 12 миллиард теңге түскен.

Оқи отырыңыз: 

Педагогтер "Қазақстан халқына" қорына ақша аударуға міндеттелмейді
"Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесіне кімдер енді
 
Жаңалықтар
0