https://sputnik.kz/20220118/Elorda-jasopirim-avto-19164729.html
Елордада жасөспірім аулада тұрған бөтен көлікті танысына сатып жіберді
Елордада жасөспірім аулада тұрған бөтен көлікті танысына сатып жіберді
Sputnik Қазақстан
Бұзылған автокөлік үйдің ауласында тұрған. Көліктің жаңа иесі оны сүйреп әкеткен 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T12:52+0500
2022-01-18T12:52+0500
2022-02-01T13:05+0500
елорда тынысы
жасөспірім
көлік
https://sputnik.kz/img/462/90/4629008_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_099d643dbd128e3986c463f70f1ff3cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірім бөтен біреудің жеңіл көлігін танысына сатып жіберді, деп хабарлайды елорда комендатурасының баспасөз қызметі.Қалалық полицияға елорда тұрғыны шағымданған. Айтуынша, белгісіз біреу түнде аулада тұрған бұзылған Lada Priora көлігін ұрлап әкеткен."Ер адам оталдыру кілтін көлігінің ішінде ұмытып, есіктерді ұзақ уақыт ашық қалдырғаны анықталды. 17 жастағы жасөспірім де мұны пайдаланған. Бозбала өзін көлік иесі ретінде таныстырып, танысына автокөлікті аздаған сомаға сатып алуды ұсынған", - делінген хабарламада.Сатып алушы темір тұлпарын үйіне сүйреп әкеткен.Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жүргізушілер айып тұрақтарына баса-көктеп кірдіБұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған бала ювеналды полицияның ерекше бақылауына алынды.Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберуді шешті. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/462/90/4629008_21:0:1728:1280_1920x0_80_0_0_16e9e82fca6b14af56d87f83825d3a78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім, көлік
Елордада жасөспірім аулада тұрған бөтен көлікті танысына сатып жіберді
12:52 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бұзылған автокөлік үйдің ауласында тұрған. Көліктің жаңа иесі оны сүйреп әкеткен
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірім бөтен біреудің жеңіл көлігін танысына сатып жіберді, деп хабарлайды елорда комендатурасының баспасөз қызметі.
Қалалық полицияға елорда тұрғыны шағымданған. Айтуынша, белгісіз біреу түнде аулада тұрған бұзылған Lada Priora көлігін ұрлап әкеткен.
"Ер адам оталдыру кілтін көлігінің ішінде ұмытып, есіктерді ұзақ уақыт ашық қалдырғаны анықталды. 17 жастағы жасөспірім де мұны пайдаланған. Бозбала өзін көлік иесі ретінде таныстырып, танысына автокөлікті аздаған сомаға сатып алуды ұсынған", - делінген хабарламада.
Сатып алушы темір тұлпарын үйіне сүйреп әкеткен.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған бала ювеналды полицияның ерекше бақылауына алынды.
Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберуді шешті. Соңғы шешімді сот қабылдайды.