Қоғам

Шекараны кесіп өтпек болған 300-ге жуық адам ұсталды – ІІМ басшысы

© Sputnik / Igor ZaremboВоенный смотрит в бинокль, архивное фото
Военный смотрит в бинокль, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2022
Жазылу
Олардан атыс қаруы, ұялы телефондар мен ірі көлемде ақша тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған 300-ге жуық адам ұсталды, деп мәлімдеді Ерлан Тұрғымбаев Хабар 24 арнасының эфирінде.
Олардың барлығы көлікпен немесе жаяу елден шығып кетпек болған.
"Олардан атыс қаруы, ұрланған бағалы заттар, соның ішінде ұялы телефондар және ұлттық және шетелдік валютадағы ірі көлемде ақша тәркіленді", - деді министрдің міндетін атқарушы.
Ал елдегі тәртіпсіздіктер кезінде 5 мыңнан астам адам ұсталған.
Адам өлтіру, билік өкілдеріне күш көрсету, тонау, бұзақылық және ұрлық фактілері бойынша 125 сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: 5 қаңтарда Алматыға 20 мың адам келді – Ерлан Тұрғымбаев 
Жаңалықтар
0