https://sputnik.kz/20220107/qazaqstan-tartipsizdikter-ustaldy-19084539.html
Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: 3 мыңнан астам адам ұсталды
Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: 3 мыңнан астам адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер ел аумағында заңдылықты қалпына келтіру, қылмыскерлерді, тонаушыларды ұстау, басып алынған ғимараттарды босату, стратегиялық маңызы бар нысандарды... 07.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-07T08:20+0500
2022-01-07T08:20+0500
2022-05-23T15:52+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19071440_0:155:3089:1893_1920x0_80_0_0_52d893356a2d765fdb609d0391921569.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі түрлі өңірде жалғасып жатқан тәртіпсіздіктер кезінде қанша адамның көзі жойылғанын хабарлады."Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 3 мыңнан астам ұсталды, 26 қаруланған қылмыскердің көзі жойылды, тағы 18 қылмыскер жараланды", - деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы министрлікке сілтеме жасап.Бір күн бұрын ішкі істер органдары 2298 адамның ұсталғанын хабарлаған еді.Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тапқаны белгілі болды. Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.Полицейлер ел аумағында заңдылықты қалпына келтіру, қылмыскерлерді, тонаушыларды ұстау, басып алынған ғимараттарды босату, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау шараларын жалғастыруда.Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жағдай тұрақты.Бизнеске келтірәілген шығын алдын ала мәлімет бойынша 40 миллиард теңгеге (93 миллион доллар) бағаланып отыр, зардап шеккендердің көпшілігі алматылық кәсіпкерлер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19071440_180:0:2909:2047_1920x0_80_0_0_afb3a59d45c937d97bec60c30e4a434d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: 3 мыңнан астам адам ұсталды
08:20 07.01.2022 (жаңартылды: 15:52 23.05.2022) Полицейлер ел аумағында заңдылықты қалпына келтіру, қылмыскерлерді, тонаушыларды ұстау, басып алынған ғимараттарды босату, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау шараларын жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі түрлі өңірде жалғасып жатқан тәртіпсіздіктер кезінде қанша адамның көзі жойылғанын хабарлады.
"Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 3 мыңнан астам ұсталды, 26 қаруланған қылмыскердің көзі жойылды, тағы 18 қылмыскер жараланды", - деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы министрлікке сілтеме жасап.
Бір күн бұрын ішкі істер органдары 2298 адамның ұсталғанын хабарлаған еді.
Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тапқаны белгілі болды. Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті.
Полицейлер ел аумағында заңдылықты қалпына келтіру, қылмыскерлерді, тонаушыларды ұстау, басып алынған ғимараттарды босату, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау шараларын жалғастыруда.
Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жағдай тұрақты.
Бизнеске келтірәілген шығын алдын ала мәлімет бойынша 40 миллиард теңгеге (93 миллион доллар) бағаланып отыр, зардап шеккендердің көпшілігі алматылық кәсіпкерлер.