Қоғам

Қазақстанда омикрон штамы анықталды – министрлік шұғыл мәлімдеме жасады

© AFP 2022 / NATALIA KOLESNIKOVAМедик проводит экспресс-тест на коронавирус
Медик проводит экспресс-тест на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Соңғы бір аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, деді Ажар Ғиният
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният омикрон штамына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Былтыр желтоқан айының соңында еліміздің барлық өңірінен жинақталған 96 оң мәнді сынаманың толық геномды секвенациясы аяқталды. Қазақстан аумағында коронавирустың "омикрон" нұсқасы таралғаны расталды. Коронавирустың жаңа нұсқасы – "омикрон" Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталды, генотиптеудің қорытындысы бойынша ол барлық сынаманың 8 проценттен астамын құраған", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте.
Оның айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа кірсе, Алматы мен Шымкент қалалары "сары" аймақта тұр.
"Соңғы аптада COVID-19 инфекциясына шалдығу көрсеткіші Шымкент қаласында 4,7 есеге, Алматыда екі есеге, ал Нұр-Сұлтан қаласында 13 процентке өсті. Бір тәулікте елордада коронавирусты жұқтырған 170, Алматы қаласында 138, Шымкент қаласында 69 науқас тіркелген, яғни ел бойынша аурудың 55 проценті осы қалаларға тиесілі болып отыр", - деп атап өтті Ғиният.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, омикрон адамға тез жұғады. Негізгі белгілері тұмау ауруына ұқсайды. Олар – дене қызуы, әлсіздік пен жөтел. Балалар мен жастар арасында омикронды жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр.
"Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцина салдыруға, ал вакцина алғанына алты ай болғандарға ревакцинациядан өтуге шақырады. Вирустың таралу қаупін төмендету үшін негізгі әрі қарапайым сақтық шараларын ұмытпауымыз қажет. Егер тұмау ауруларының клиникалық түрлерімен ауырып қалсаңыз, дереу медициналық мекемелерге жүгінуді сұраймыз", - деді Ғиният.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін коронавирустың омикрон штамы әлемнің 126 мемлекетінде анықталды.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар "Омикронның" өкпені қаншалықты зақымдайтынын айтты 
Жаңалықтар
0