Өңірлер

Ақтау әуежайында бірнеше рейс уақыты ауысты

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрхивное фото салона пассажирского самолета
Архивное фото салона пассажирского самолета - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Наразылықтар тоқтамай жатқан Ақтау әуежайында үш бағыт бойынша ұшақ уақыты кейінге ауыстырылды
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Ақтау әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды, бір рейс тоқтатылды, деп хабарлады әуекомпания сайты.
  • Тбилисиге рейс (SKAT) 22.55-тен 01.00-ге ауыстырылды.
  • Нұр-Сұлтан қаласына ұшу (Air Astana) 22.35-тен 08.05-ке ауыстырылды.
  • Алматыға (Air Astana) рейс 23.40-тан 12.35-ке ауыстырылды.
  • Ақтаудан Атырауға (FlyArystan) рейс тоқтатылды.

Халық неге көшеге шықты

Еске сала кетсек, екінші қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді. 
Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.

Тоқаев мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды. 
"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.
Жаңалықтар
0