Ресейде брондалған жаңа әскери машина сынақтан өтіп жатыр

Жазылу
Yandex newsTelegram
Ресей дайындайтын құрлықтағы әскерге арналған бронды техника жоғары әскери сипаттамасы, сенімділігі және кез келген климат жағдайында пайдалануға жарамдылығымен танымал
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Әскери машиналар тізбегін "Эпоха" модулі бар Б-19 жаяу әскер машинасы жалғастырып жатыр. Б-19 машинасының сынағы аяқталуға жақын және жақын уақытта Ресей әскеріне табысталады. Әзірге 12 бронды машина әскерде сәтті пайдаланылып жатыр. Ресей қорғаныс министрлігінің мамандары полигондағы сынақтарды 2019 жылы бастаған.
Б-19 жаяу әскер жауынгерлік машинасы "Батыс-2021" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығу кезінде жақсы жүретінін көрсетті. Ол кезде взвод құрамындағы бронды топты Беларусь, Үндістан, Моңғолия және Ресей одақтас бөлімшелерінің алдыңғы шебінде шартты жаудың негізгі күшін тежеу үшін шайқасқа шығарды. Жаңа үлгідегі машиналар әскердің жауынгерлік төзімділігін сақтауға, маңызды шептер, позициялар және аудандарды жау қолына түсірмеуге көмектесті.
Вооруженные силы РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Саясат
Қазақстан көрші елдерге оқ-дәрі мен әскери техника береді
27 желтоқсанда РФ құрлық әскерінің бас қолбасшысы Олег Салюков Б-19 машинасы ату мүмкіндігі жағынан ресейлік БМП-2 және БМП-3 машиналарынан асып түсетінін және бұл заңды екенін атап өтті. Жаңа 57 миллиметрлік автоматты зеңбірек және "Корнет" пен "Булат" басқарылатын қарудың екі кешені (шағын зымырандарымен) бар "Эпоха" жауынгерлік модулі кез келген соғыс қимылы кезінде бөлімшелерге атыс басымдығын қамтамасыз етіп, танк пен басқа да бронды техниканы, төмен ұшатын ұшақтарды, тікұшақтар мен пилотсыз ұшатын аппараттарды, жаудың адам күшін тиімді жоя алады.
"Эпоха" жауынгерлік модулінің қару-жарақ ақпараттық-басқару жүйесінің негізгі ерекшелігі – автоматты түрде іздеу, қарсыластың нысаналарын анықтау, оларды бақылау, бронды машина экипажына оқ атуға арналған қос арнаны бір уақытта немесе кезектесіп пайдалану бойынша ұсыныстар дайындау. "Ақылды" жүйе жау нысандарының басымдылығын немесе қауіптілігін бағалай алады.
"Эпоха" әмбебап жауынгерлік модулі соғыс машинасының эргономикасына (экипаждың жайлылығы мен қауіпсіздігіне) әсер етпейді. Ол қашықтан командир терминалдарынан (панорамалық көрініс) және бағыттауыш арқылы басқарылады. Көздеу жүйелері қарсыласқа күндіз де, түнде де, кез келген ауа райында соққы жасауға мүмкіндік береді.
Төмен баллистикалық автоматты зеңбірек және біріктірілген 7,62 миллиметрлік танкке арнап модернизацияланған Калашников пулеметі, "Корнет" танкке қарсы зымыран кешенінің іске қосу қондырғылары (жинақта 8 километрге дейін ұшатын төрт зымыран бар) және жеңіл брондалған техникаға қарсы жаңа "Булат" зымыран кешені қорғаныс пен шабуыл кезінде түрлі нысанды жоюға мүмкіндік береді.
БМП-3 машинасын тереңдетіп модернизациялау жобасы (штатты соғыс бөлімін демонтаждау және жаңа модулді орнату) жаңа Б-19 машинасына қарай түр өзгертуі үйлесімді және жоғары технологиялық сипатта болып отыр. Оның шассилері жетілдірілді, сипаттамалары жақсарды, автоматикасы жасанды интеллект деңгейіне дейін өсті.
Весенняя призывная кампания - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Қоғам
Әскерге шақырылғандар туралы цифрлық мәлімет дайындалады
"Эпоха" оқ атуды басқару жүйесі БМП-3 сәйкес аспаптарынан басым түсіп отырғаны анық, ол заманауи элемент базасына негізделген және бірқатар жаңа мүмкіндіктерге ие. Мұның барлығы соғысу тиімділігінің деңгейін арттырып, барлау, ақпарат жолдау, нысананы белгілеу, соғыс кезінде жер мен аспандағы басқа да "ақылды" машиналармен интеграциялау жүйелері сынды қосымша ілеспе мүмкіндіктерді енгізуге жол ашады.
Б-19 машинасының "Эпоха" жауынгерлік модулі Туладағы Құрал жасау конструкторлық бюросында дайындалды. Ол қолданыстағы БМП-3 модернизациясы мен перспективалы бронды машиналарды жабдықтауға арналған. Машинаның адам отыруға арналған бөлігінен соғыс жүргізу орнын алып тастау қосымша жабдық орналастырып, оны одан әрі модернизациялауға мүмкіндік береді.
В-19 жаяу әскерге арналған соғыс машинасының салмағы 18,7 тоннаны құрайды. Қозғалтқыш қуаты – 500 ат күші. Тас жолмен жүру қоры – 600 километр. Экипаж – 3 адам және жеті десантшы. Әйтсе де бұл оның қоғам назарына ұсынылған барлық сипаттамасы емес.
"Армия-2017" форумында РФ қорғаныс министрлігіне "Эпоха" жауынгерлік модулі бар БМП-3 сынақ партиясын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Сондықтан жақын уақытта "Эпоха" жауынгерлік модулі бар Б-19 жаяу әскерге арналған броньді машинасы әлемдегі қару-жарақ нарығында өз биігіне шыға алады деп сенуге негіз бар.
Ресей Федерациясы жаңа броньді машиналарды жеткізушілер рейтингінде көш бастап тұр. 2010-2017 жылдар аралығында федерация құны 1,48 миллиард доллар болатын 1200-ден астам соғыс машинасын (негізінен БМП-3 және БТР-80А) сатты.
Сонымен қатар 2021 жылы Ресей құрылық әскері қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың 2500-ге жуық жаңа түрін алды. Оның ішінде БМП-3 жаяу әскерге арналған бронды машинасы, БТР-82А брондалған тасымалдаушылары, Т-90М танктері және модернизацияланған Т-72БЗМ, Т-80БВМ танктері бар.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0