Қоғам

Нұр-Сұлтан коронавирустың "сары" аймағына енді

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Жуырда санитар дәрігерлер Covid-19 індетінің өршуіне байланысты ел астанасында карантин күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда карантин тағы күшейтіледі, оған коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қаланың "сары" аймаққа өткені себеп болып отыр. Енді елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қайта қаралады.
Елорда 15 желтоқсаннан бастап "жасыл" аймақта болды.
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.
"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Санитар дәрігерлердің айтуынша, елде ұзақ демалыс күндерінен кейін әдетте сырқаттану деңгейі артады. 16-19 желтоқсанда қазақстандықтар тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалды.
Соған байланысты жақында денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға жаңа жылдық корпоративтерге қатысты үндеу жолдады.
"Жаңа жылдық корпоративке барардың алдында жақсылап ойланыңыз. Біз – санитар дәрігерлер онсыз да жаңа жылдық мейрамдар кезінде қатты алаңдап отырамыз. Коронавирус ешқайда кеткен жоқ. Біз осы вирустың мутацияға түсіп жатқанын да көріп отырмыз", - деп атап өтті Есмағамбетова.
Оның айтуынша, әрбір қазақстандық корпоративке барардың алдында ойланып, сақтық шараларын ұстанса, жағдай қалыпты болуы мүмкін. Ең бастысы пессимистік болжамға жол бермеу керек. Оған қоса, әлемдегі жағдай алаңдатып отыр. Шетелде коронавирусты жұқтыру жағдайлары көбейіп барады.
Министрліктің болжамына сәйкес, 2022 жылы қаңтар айында оптимистік сценарий болса, күніне коронавирус жұқтырған 650 адам анықталады. Реалистік сценарийде – 1,5 мың, ал пессимистік болжам бойынша күн сайын 3 мың науқас тіркеледі.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсіп жатыр 
Жаңалықтар
0