ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті қашан өтетіні белгілі болды
13:56 22.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Sputnik / Табылды КадырбековФлаги стран СНГ

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Жазылу
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін құрылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді, деп хабарлады РИА Новости-ге Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев.
"28 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтеді", - деді Көшербаев.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін құрылған болатын. Қазір оның құрамында тоғыз мемлекет бар. Олар - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан.