Қоғам

Қазақстанда ПТР-тестің бағасы төмендеді

© AFP 2022 / NATALIA KOLESNIKOVAМедик проводит экспресс-тест на коронавирус
Медик проводит экспресс-тест на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Алматыда Innova зертханасында 6 мың теңгеге, ал Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 5 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тест бағасының төмендегенін хабарлады.
"2021 жылы 6 желтоқсанда "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді", - дейді агенттік мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ПТР-тестің құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге, ал Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 5 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр.
"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін түсірді", - делінген ресми хабарламада.
Алайда ірі зертханалардың филиалдарында COVID-19 ПТР-тестің бағасы  бұрынғы деңгейде қалып отыр. Орташа құны – 7,4 мың теңге.
Айта кетері, 2020 жылы қазан айында ПТР-тестің бағасы 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін төмендеген болатын.
Оқи отырыңыз: Омикрон-штамм "дельтадан" 70 есе жылдам көбейеді 
Жаңалықтар
0