2021 жылдың 1-21 қарашасы аралығында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер біртұтас ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында "Игі іс миссиясы" халықаралық бағдарламасы аясында алғашқы гуманитарлық миссия өтті.
Бағдарламаны Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, Волонтерлік орталықтар қауымдастығы және "Русская гуманитарная миссия" АКҰ ұйымдастырды.
Миссияның мақсаты – екі елдің эковолонтерлік қозғалысы өкілдері арасында тәжірибе алмасу.
Іс-шараға қатысушылар:
- Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет;
- "Жас Ұлан"республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Сәдуақасова;
- Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің басшысы Алексей Коропченко.
Спикерлер "Игі іс миссиясы" халықаралық бағдарламасы аясындағы алғашқы гуманитарлық миссияның қорытындысы туралы айтып береді.
Атап айтқанда, миссия аясында қандай жұмыстар атқарылғаны туралы әңгіме болды:
- Қазақстан мен Ресейдегі экологиялық еріктілер туралы;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерде экологиялық ағарту сабақтарын өткізу туралы;
- Қазақстан мен Ресейдегі экологиялық жобалар туралы;
- миссия аясында әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізу туралы.
Сондай-ақ шараға алғашқы гуманитарлық миссияның қатысушылары да қатысты.