Видео

Елордада "Көнеден жеткен сырлы әуен" шығармашылық кеші өтті – видео

Жазылу
Елорда филармониясында "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Көнеден жеткен сырлы әуен" атты концерті өтті

Кешті ұлттық аспаптармен сүйемелдеген "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі – Тоғжан Жахин.

Қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспаптарының сан алуандығын көрсеткен кештің ерекшелігі домбыра үнінен бөлек тұңғыш рет уілдек, тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, үскірік, жетіген, құссайрауық, шыңырау сынды музыкалық аспаптармен шығармалар жекелей орындалды.

"Қазақ өнерінде үлкен тарихи сәттердің бірі болып жатыр. Себебі сазсырнай аспабымен жеке концерт беру бірінші рет болып тұр. Ансамбліміздің әртісі Райхан Омар сазсырнайдың түрлері уілдек, тастауық, үскірік, құссайрауық, шыңырау секілді аспаптардың түрлерінде өнер көрсетті. Сол сияқты жаңа шығармалар, репертуар қойылды. Тек халық әндері ғана емес классикалық шығармалар да осы концертте қойылады", - деді "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің көркемдік мүшесі.

Өз өнерлерімен республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары – Бейбіт Мұса, Дарын Құдайберген, Қарагөз Гасимова, Айбала Бейсенова, Оспан Құлсымақ, Сандуғаш Тұрғанбекқызы, Көркем Шолошова мен "Шалқыма" халық би ансамблі және Омар Райханның шәкірттері, №1 Музыка мектебінің оқушылары кеш төрін әнмен күйге бөлеп, келген көрермендердің ықыласына бөленді.

"Біз сазсырнай аспабының түрлеріне тоқталып, солардың ерекшелігін көрсету мақсатында әрқайсысына жеке-жеке нөмірлер дайындадық. Қазіргі халық әндері, Ықылыс Ерденұлының күйлері, бүгінгі композиторлар, сол сияқты жетекшіміз Тоғжан Жахин, одан бөлек Ермек Өміров, Ермұрат Үсенов, Қуаныш Жұмағали сынды композиторлардың шығармалары ойналатын болады", - деді "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің әртісі Райхан Омар.

Ұлттық аспаптардың үнін видеодан тамашалаңыз.

Жаңалықтар
0