Денсаулық

Ковидке қатысты жаңа деректер жарияланды

© AFP 2024 / STRМедики в мобильной лаборатории исследуют материал пцр-тестов на коронавирус
Медики в мобильной лаборатории исследуют материал пцр-тестов на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
8 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда 40 856 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда 9 адам коронавирустан, тағы үшеуі пневмониядан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

8 қарашадағы мәлімет бойынша 40 856 адам, оның ішінде 7 563 науқас стационарда, 33 293 науқас үйде емделіп жатыр.

556 науқастың жағдайы ауыр, ал 144 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 104-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 1031 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Өңірлердегі статистика:

  • Нұр-Сұлтанда – 115,
  • Алматыда – 135,
  • Шымкентте – 10,
  • Ақмола облысында – 89,
  • Ақтөбе облысында – 9,
  • Алматы облысында – 34,
  • Атырау облысында – 12,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 60,
  • Жамбыл облысында – 16,
  • Батыс Қазақстан облысында – 15,
  • Қарағанды ​​облысында – 111,
  • Қостанай облысында – 119,
  • Қызылорда облысында – 15,
  • Маңғыстау облысында – 6,
  • Павлодар облысында – 139,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 142,
  • Түркістан облысында – 4.

Елімізде індетті барлығы 949 630 адам жұқтырды.

Қазақстандағы вакциналау науқаны

2021 жылдың 8 қарашасындағы жағдай бойынша вакцинаның I компонентін 8 409 883 адам, II компонентін 7 674 577 адам салдырды.

Жаңалықтар
0