Денсаулық

Қазақстанда коронавируспен ауыру азайды – вице-министр

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане
Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайызға төмендеді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді, деді ол

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Соңғы екі аптада республикада коронавирус жұқтыру деңгейі 11 процентке төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе (аптасына 33 346 адамнан 11 709 адамға дейін), ал өлім-жітім 4,1 есе (аптасына 761 науқастан 184 науқасқа дейін) азайды.

"Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайызға төмендеді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді", - деді Шоранов үкімет отырысында.

1 тамыздан бастап республика бойынша инфекциялық төсек-орындар 33%-ке дейін, ал реанимациялық төсектер 27%-ке дейін босады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе (90 767 науқастан 43 397 науқасқа дейін) азайған.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0