Мәдениет

Қазақстандық егіз қыз "Түркия дауысының" келесі кезеңіне өтті – видео

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сцена, иллюстративное фото
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Аяна мен Диана Түркияның Анталия қаласында тұрады, ал отбасы Қазақстанда

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Қазақстандық Аяна және Диана Тайбекова "Түркия дауысы" (O Ses Türkiye) жобасына қатысып, қазылар алқасының көңілінен шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қатысушының жүзін көрмей, музыкалық қабілетін дауыс арқылы бағалайтын жобада егіз қыз Jessie J-дің Price Tag әнін орындады. Жобадағы төрт тәлімгердің барлығы оларға бұрылды. Ал 22 жастағы қыздар түрік әншісі Мұрат Боздың тобын таңдады.

Аяна мен Диана Түркияның Анталия қаласында тұрады, ал отбасы Қазақстанда.

"Түркия дауысына" қалай қатысқанымыз жайлы айтар болсам, мен демалып жатқанда Аяна хабарласып, кастингке келуімді сұрады. Мен бұған қарсы болдым. Ән айтқанды жақсы көремін, бірақ менің дауысымды жақындарымнан басқа ешкім тыңдай алмайтын (күлді). Кастингтен кейін бізге жауабын айту үшін хабарласатындарын жеткізді. Содан Аянаға бізге ешкім хабарласпайтынын айтумен болдым. Бірақ ол біздің өтетінімізге сенімді болды", - дейді Диана.

Содан кейін қыздар байқауда өнер көрсету үшін Ыстамбұлға келген.

"Таңнан кешке дейін алаңда болдық. Әртүрлі талантты жастар келді. Содан көптен күткен сахнаға шығатын уақыт та жетті. Күйзелістен қол-аяғым дірілдеп, автоматты түрде сахнаға шықтық. Сахнада тұрған кезде ешкімді көрген жоқпын, қазылар алқасының бұрылғанын да байқамай, ән сала бердім. Ән тоқтаған кезде төрт кісінің де бұрылғанын көрдім, сонда ғана біздің келесі кезеңге өткенімізді түсіндім", - дейді Диана Тайбекова.

Жаңалықтар
0