Аңдатпа

Қазақстанда 30 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур Батыршинкүз
күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 30 қыркүйек - 6 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - Парламент сенатының отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі мәселе - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасы (бірінші оқылым). Отырыс  www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10-00 - Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Отырысты онлайн режимде мәжіліс сайтынан және YouTube-тен көруге болады.

12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді. Тақырыбы: "Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің нәтижелері". Спикерлер: ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев; ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсайынова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.00 - Мәскеу — Бішкек — Нұр-Сұлтан — Ереван арасындағы видеокөпір. Шараға Еуразиялық экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым министрі Темірбек Асанбеков қатысады. Министр БАҚ өкілдерінің еуразиялық кеңістіктегі энергетика және инфрақұрылым, энергетикалық ресурстардың ортақ нарығын құру, ортақ көлік саясаты төңірегіндегі сұрақтарына жауап береді. Трансляция Sputnik Қазақстан сайтының эфирінде және Facebook-тегі парақшасында өтеді. Спикерге сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com. электронды поштасына жолдауға болады. Барлық сұрақтар бойынша 8 (747) 220 74 01 телефонына хабарласыңыздар.

15.00 - Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министрдің орынбасары Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі М. Мырзағалиев.

Брифинг "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде, PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде таратылады. Сұрақтарды press.kpm@gmail.com электронды мекенжайына 29 қыркүйек күнгі сағат 16:00-ге дейін жолдауға болады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –  Virtual Autopsy™ мәйітке сараптама жасаудың заманауи әдістері мен жобаның жаңа мүмкіндіктерінің тұсаукесері. Кездесу "Radisson Hotel Astana" ғимаратында өтеді. Шараға Ұлыбритания спикері және еліміздің медицина ғылымдарының докторлары, сот сарапшылары, патологоанатомдар қатысады. Конференцияға БАҚ өкілдері де шақырылған (Тіркелу үшін: Юлия Ахметова +7 777 384 42 85).

12.00 – "Ұр тоқпақ" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

19.00 – "Тайный брак" спектаклі ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Женитьба" спектаклі ( Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоксан көшесі, 11).

19.30 – "ЕНТ!" спектаклі (“QAZAQSTAN” концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1). 

АЛМАТЫ

12.00 –  "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақтар театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Ромео - Джульетта" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақтар театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Жусан иісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Кыз Жібек" спектаклі (Абай атындағы мемлекеттік опера және балет академиялық театры, Қабанбай Батыр көшесі, 110)

19.00 – "Дюймовочка" спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді. Тақырыбы: Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы. Спикерлер: Шымкет қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс; денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан; санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ахметов Алдарқұл. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді. Тақырыбы: "Халық санағы-2021" аясында интервьюерлермен үйлерді аралау кезеңінің басталуы туралы. Спикерлер: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов; ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алексей Милюк. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.

6 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысы өтеді. Хатшылық отырысы аясында VI съездің қорытындысы бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII съездің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланған. ХІХ съезд хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері – САК, Әзербайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және тағы басқа халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны (баспасөз орталығы): Бейбітшілік және келісім сарайы, 5 қабат. Аккредитация мәселесі бойынша 87021402780 (Өрғара Назерке Сәкенқызы) нөміріне хабарласу керек.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0