Экономика

Жамбыл облысында шенеуніктер 10 батарея алуға 9 млн теңге бөлген

© Sputnik / Илья Питалев / Фотобанкке өтуРаздельный сбор мусора в Москве
Раздельный сбор мусора в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Мемлекеттік сатып алу кезінде шынашақ батареяның әр данасын 901 700 мың теңгеге бағалаған. Осындай он батарея үшін 9 миллион теңгеден астам қаржы бөлген

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны өрескел көтерген жағдайларды анықтады, деп хабарлады жергілікті zhambylnews.kz.

Мысалы, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы шынашақ батареяны 901 700 мың теңгеге бағалап, осындай он батареяны сатып алуға 9 миллион 17 мың теңге бөлген.

Департаменттің ұсыныс хатынан кейін бағалар қайта қаралып, батареяның әр данасы 300 теңгеден сатып алынды.

Білім бөлімі де компьютерлер үшін 300 мың теңгенің орнына бір данасын 380 мың теңгеге алмақ болған.

Жоспарды оңтайландырғаннан кейін осы сатып алудың біреуі арқылы 16 миллион теңге үнемделді, деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Равиль Төлебаев.

Жалпы алғанда мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралғаннан кейін бюджет қаражатынан миллиард теңге үнемделді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0