Ал ресми тілде жауынгерлер орындаған жаттығулар "әскери тактикалық атыс әдістері" деп аталады. Жаттығулар Ақтау маңындағы "Оймаш" полигонында түсірілген.
Мұнда бірнеше бөлімшенің әскерилері арнайы операцияны жүзеге асырып, оқу-жаттығу барысында алдарына қойылған міндетті жұмыла орындады.
Кадрлардан әскери қызметшілердің қарудың бірнеше түрін меңгергені, оларды қолдану шеберлігі көрінеді.
Арнайы жасақтың оқу-жаттығу кезіндегі әрекетін видеодан тамашалаңыз.