Денсаулық

Министрлік коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар санын жариялады

© AFP 2024 / ALEX MCBRIDEдәрігерлер қайтыс болған адамды мәйітханаға апар жатыр
дәрігерлер қайтыс болған адамды мәйітханаға апар жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Қазақстанда 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 19, коронавирустың 72 өлім жағдайы тіркелді. 

Өткен тәулікте коронавирустың 3897 жағдайы, пневмонияның 67 жағдайы тіркелді.

13 наурыздан 2020 жылдан пневмониямен ауырғандар - 71292,

4572 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 59124 жетті.

Қазақстанда 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (85 418 коронавирустан және 7 596 пневмониядан) емделіп жатыр.

Емделіп жатқандардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандардың арасында:

  • 1 491 адамның жағдайы ауыр,
  • 425 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Жаңалықтар
0