Өңірлер

Алматыда ҰҚК мен полиция арнайы операция өткізді

© Sputnik / Тимур БатыршинТерритория массива разделена сеткой прямоугольных аллей и дорожек на кварталы
Территория массива разделена сеткой прямоугольных аллей и дорожек на кварталы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Алматы облысының тұрғынынан жеті тапанша, жартылай автомат карабин, винчестер, граната және тағы басқа оқ-дәрі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Алматы полициясы мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тінту барысында тұрғынның машинасы мен үйінен оқ ататын тоғыз қару, оқ-дәрі мен РГД-5 гранатасы тәркіленген ер адамды қамауға алды.

Арнайы операция кеше Алматыдағы Жандосов пен Ясауи көшелерінің қиылысында өтті, деп жазды Рolisia.kz.

"Күдіктінің өзінен және көлігінен оқ-дәрісі бар екі тапанша тәркіленді. Тағы алты қару, соның ішінде 12-ші калибрлі винчестер, граната мен 60 оқ-дәрі азаматтың Алматы облысы Талғар ауданындағы тұрғылықты мекенжайында құпия орыннан анықталды", - деп мәлімдеді Алматы полициясы департаментінің криминалды полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ер адамнан тәркіленген барлық қару баллистикалық сараптама жүргізу үшін зертханаға жолданды. Сараптама арқылы Алматы және елдің басқа да өңірлердегі қылмысқа осы қарулардың қатысы бар-жоғы анықталады.

Сонымен қатар күдіктінің үйін тінту кезінде ұнтақ тәріздес зат оралған төрт қаптама табылды. Оның құрамын да сараптама анықтайды. Күдіктіні ұстау кезінде ол есірткі әсерінен есін білмейтін күйде болған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі ("Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш затты және жарылғыш құрылғыны заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе өзімен бірге алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адам бес жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0