Қоғам

Мектептерде кәсіптік бағдарлаушылар жұмыс істейді

© AFP 2024 / TOBIAS SCHWARZУченики на уроке поднимают руки, чтобы ответить учителю
Ученики на уроке поднимают руки, чтобы ответить учителю - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Павлодар облысының мектептерінде оқушыларға жаңа 40 мамандықты ұсыну жоспарланып отыр. 14 мамандық бойынша оқыту жақында басталады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының Жаңа мамандықтар атласын таныстыру кезінде білім берудің ерте кезеңіндегі кәсіптік бейімдеудің маңызы талқыланды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Маңызды мамандықтар

Жоба жетекшісі, білім беру саласындағы танымал сарапшы Саясат Нұрбектің айтуынша, атласты әзірлеу үшін екі мыңнан астам түрлі мамандық иесі тартылып, Павлодар облысының өндірістеріндегі екі мыңға жуық технологиялық тізбек зерттелді.

Құжатқа алдағы бес-он жылда өзектілігі артатын жаңа 40 мамандық енгізілді. Мамандардың пікірінше, 14 кәсіп бойынша білім беруді жақын уақытта бастауға болады.

"Бес мамандық бойынша Торайғыров атындағы университет және бірнеше колледжбен бірге пилоттық жоба әзірлеп қойдық, - деді Саясат Нұрбек. – Біз ірі кәсіпорындардың дайындығын тексеріп, өңір деңгейінде мемлекеттік білім беру тапсырысын реттеу бойынша өз ұсыныстарымызды дайындадық. Жаңа эксперименттік білім беру бағдарламаларын биыл іске қосуға болады".

Жаңа мамандықтар атласы өңірлік экономика қажеттілігін талдауға, оның алдағы үш-бес жылдағы жоспарын әзірлеуге және білім беру жүйесін кадрларды даярлау үлгісіне сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Себебі бірнеше жылдан кейін қажеттілігі артатын мамандықтарды қазірден дайындау керек болады.

Оқушылардың жоспарынан хабардар болу

Еңбек нарығы қалай қалыптасатынын толыққанды білу үшін өскелең буын ортасында білім деңгейіне анықтау жүргізу қажет болады. Ол үшін сарапшылар Павлодар облысында мектептердегі диагностика және кәсіптік бейімдеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді ұсынды. Компания әрбір оқу орны үшін кәсіптік бағдарлаушы қызметкерлерді дайындауға әзір. Сонда құзырлы органдар жоғары сынып оқушыларының неге қызығатыны, өз өңірінде қалуды жоспарлайды ма, жоқ па және жоғары білім алуды қалай ма деген сынды мәселелерге талдау жүргізе алады.

Мамандар қажет

Облыс әкімі Әбілқайыр Сықақов бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, кәсіптік бейімдеу бағытында кездейсоқ адамдар жұмыс істемеуі керек екенін атап өтті.

"Мектептегі әрбір кәсіптік бағдарлаушы "өзгерістер елшісіне" айналады, - деді облыс әкімі. – Бұл балалармен жұмыс істей алатын және олардың тілін таба алатын адамдар болуы керек. Ондай адамды табу оңай болмайтыны анық. Сондықтан кәсіптік бағдарлаушыларға қатысты нақты талап болуы қажет. Бұл іспен нағыз маман айналысса, біз сапалы нәтиже аламыз".

Жаңа мамандықтар атласы бойынша өңірдегі жұмыстарды келесі айдан бастау жоспарланып отыр.

Айта кетері, Павлодар облысы аймақтың экономикасы үшін сұранысқа ие кадрларды дайындау мәселесін шешетін жеке атлас дайындаған тұңғыш өңір болды.

Жаңалықтар
0