НҰР -СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Александр Невский орденімен марапаттады.
"Рухани және мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін, Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға бағытталған белсенді ағартушылық және бітімгершілік қызметі үшін Астана және Қазақстан митрополиті Александр Александр Невский орденімен марапатталсын", - делінген РФ президентінің жарлығында.
Митрополит Александр 2010 жылдан бері Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің метрополиттік округін басқарып келеді.
Айта кетері, Алматыда жаңадан салынған Александр Невский храмының алдына Александр Невскийдің ескерткіші орнатылады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін эскиздер бекітіліп жатқаны хабарланған болатын.