Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жасөспірім дүкендегі пышақпен сатушыны тонап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан виды города
Нур-Султан виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің полиция есебінде тұрғаны және бұрын қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Елордалық полицейлер дүкендегі сатушыға қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның "102" арнасына күндізгі уақытта дүкендердің бірінен белгісіз жігіттің сатушыны пышақпен қорқытып, 100 мың теңге ақша алып кеткені туралы қоңырау түскен.

Игрушечный пистолет. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті
Тергеу барысында 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, сатушыдан сатылымға қойылған ас үй пышағын көрсетуді сұрағаны анықталды. Пышақты қолына алған ол сатушы әйелді қорқытып, ақша талап еткен. Әйел жасөспірімнен пышақты тартып алуға тырысқан. Алайда осы сәтте күдікті оны қолынан жарақаттап, кассадағы ақшаны алып, қашып кеткен.

Қаскөйді патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің полиция есебінде тұрғаны және бұрын қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны анықталды.

"Дүкенде бейнебақылау камералары болған жоқ. Бірақ сатушы күдіктінің белгілері мен киімдерін есінде сақтап қалған. Шұғыл түрде бағдарлау жасалды. Жедел уәкілдер күдіктінің нақты белгілерін анықтады. Күдікті отырған такси көлігі анықталып, ол ұсталды", – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Жаңалықтар
0